Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 28000 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Ақмола облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі

  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ А-5/222 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 08.06.2023 № А-6/225 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 09.08.2024 № А-8/365 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.


р/б

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағының ені
(метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

1

2

3

4

5

Көкшетау қаласы

1

Қылшақты өзені

Көкшетау қаласы

500

35-100

2

Қопа көлі

Көкшетау қаласы

500

35-75

3

Шағалалы өзені

Көкшетау қаласы

500

35-100

Қосшы қаласы

4

Нұра-Есіл арнасының учаскесі

Қосшы қаласының оңтүстік-шығыс жағынан, Нұра-Есіл арнасының 4,6 шақырымында

500

35

Степногорск қаласы

5

Ақсу өзені арнасының учаскесі

Степногорск қаласының аумағында

500

35

5-1

Ақсу өзенінің ұзындығы 2,87 шақырым учаскесі

Степногорск қаласының аумағында (№1 нүктесінің координаттары шегінде шығыс бойлықтың 71°57'45.144" және солтүстік ендік 52°24'32.909" – №2 нүктесі шығыс бойлықтың 71°57'9.431" және солтүстік ендік 52°24'54.137")

500

35

5-2

Ақсу өзені

Степногорск қаласы мен Степногорск қалалық округінің бүкіл аумағы бойынша

500

35

5-3

Коровье көлі

Степногорск қаласы

300

35

5-4

Көксай бөгеті

Қарабұлақ ауылы

300

35

Ақкөл ауданы

6

Жарлыкөл көлі

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі жерлерінің шекарасында

300

35-50

7

Еңбек көлі

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан оңтүстік- шығысқа қарай 4 шақырымда

300

100

8

Кенжеғалы көлі

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Домбыралы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай

500

100

9

Соленое көлі

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Домбыралы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай

300

35

10

Жарсор көлі

Ақкөл ауданы, Азат ауылдық округі

500

35

11

Краснобор су қоймасы

Ақкөл ауданы, Радовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 шақырымда

500

35

12

Голубая Нива бөгеті

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан солтүстік- батысқа қарай 4 шақырымда

300

100

13

Пиявочное бөгеті

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан оңтүстік- батысқа қарай 12 шақырымда

300

100

14

Ивы тоғаны

Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан солтүстік- батысқа қарай 25 шақырымда

300

100

14-1

"Ақмола облысы Ақкөл ауданы Амангелді ауылындағы су құбыры желілерін реконструкциялау" жобасына Талқара өзенінің учаскесі

Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі, Амангелді ауылы

500

35

14-2

Атауы жоқ өзенінің учаскесі

Ақкөл ауданы, Наумов ауылдық округі, Өрнек ауылы

500

35

14-3

Талқара өзенінің ұзындығы 4,7 шақырым учаскесі

Ақкөл ауданы

35-500

35

Аршалы ауданы

15

Есіл өзені

Аршалы ауданы

500-1000

50-100

16

Есіл (Ишим) өзені арнасының учаскесі

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының аумағында

500

50

17

Есіл өзенінің оң жақ ағысы – атауы жоқ кіші өзенінің учаскесі

Аршалы ауданы, Родники ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,7 шақырым, Еңбектас учаскесіне іргелес аумақта

500

35

18

Жібек жолы ауылының аумағындағы атауы жоқ көлдері

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының аумағында

300

50

19

Бірсуат көлі

Аршалы ауданы, Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат ауылынан 7 шақырымда, Ақтасты өзенінде

500

100

20

Батпақкөл көлі

Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі

500

100

21

Жалтыркөл көлі

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі

500

35

22

Үлкен Сарыоба көлі

Аршалы ауданы, Сараба ауылдық округі, Береке ауылынан 4 шақырымда

500

35

23

Айдарлыкөл көлі

Аршалы ауданы, Ижев ауылдық округі, Ижевское ауылынан 7,4 шақырымда

300

100

24

Әлихан бөгеті

Аршалы ауданы, Сараба ауылдық округі, Сараба ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,72 шақырымда

500

50

25

Шелқар көлі

Аршалы ауданы, Михайлов және Сараба ауылдық округтерінің аумағында

500

35

25-1

Үлкен Барлыкөл көлі

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Бабатай станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 9,5 шақырымда

500

100

25-2

Есіл өзені ағысының ұзындығы 2 шақырым учаскесі

Аршалы ауданы, Аршалы кентінің оңтүстік-шығыс жағынан

500

35

25-3

Кенетай тоғаны

Аршалы ауданы, Константинов ауылдық округі

500

35-100

25-4

Атауы жоқ бөгеті

Аршалы ауданы, Елтоқ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,1 шақырымда

300

35

25-5

Георгиев бөгеті

Аршалы ауданы

300

35-100

Астрахан ауданы

26

Есіл өзені

Астрахан ауданы

500-1000

50-100

27

Колутон өзені

Астрахан ауданы

500

35-100

27-1

Ағысы бар Алакөл көлінің учаскесі

Астрахан ауданы, Бесбидайық ауылдық округі

500

35

Атбасар ауданы

28

Есіл өзені

Атбасар ауданы

500-1000

50-100

29

Жабай өзені

Атбасар ауданы

500

35-100

30

Жыланды өзені

Атбасар ауданы

500

35-55

31

Қайрақты өзені

Атбасар ауданы

500

35

32

Шұға өзенінің учаскесі

Атбасар ауданы, "Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар" автомобиль жолының 216,196 шақырымында орналасқан көпірді жобалау және салуға арналған учаскесі

500

35

33

Шортанбай өзенінің учаскесі

Атбасар ауданы, "Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар" автомобиль жолының 264,151 шақырымында орналасқан көпірді жобалау және салуға арналған учаскесі

500

35

34

Жаркөл көлі

Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылдық округі

500

50

35

Қарамырза көлі

Атбасар ауданы, Николаевское өзенінің ескі арнасында

300

50

36

Сочинское су қоймасы

Атбасар ауданы, Сочинский ауылдық округі, Сочинское ауылы, Шортанбай өзенінде

500

100

37

Сепе тоғаны

Атбасар ауданы, Жолан өзенінде

300

50

37-1

Сарыкөл көлі

Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында

500

35

37-2

Тұздық (Тұзқұдық) тоғаны

Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында

500

35

37-3

Орта мойнақ (Қызылкөл) ескі су арнасы

Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында

500

35

37-4

Тайкеткен көлі

Атбасар ауданы

500

35

Біржан сал ауданы

38

Атансор көлі

Біржан сал ауданы

500

35-75

39

Тұзды көлдің учаскесі (атауы жоқ)

Біржан сал ауданы

500

35

39-1

Ақсу өзені

Біржан сал ауданы

500

35

39-2

Қоңыр өзені

Біржан сал ауданы, Үлгілі ауылдық округі, Жалтыркөл ауылынан 9,2 шақырымда

300

35

39-3

Тассу арналық су қоймасымен Атан өзенінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°43'54.29", шығыс бойлықтың 71°12'57.38" – солтүстік ендіктің 52°43'59.67", шығыс бойлықтың 71°18'0.43" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

100

39-4

Тассу өзенінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°41'5.30", шығыс бойлықтың 71°11'26.55" – солтүстік ендіктің 52°43'51.98", шығыс бойлықтың 71°12'45.24" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

100

39-5

Шат өзенінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°42'23.41", шығыс бойлықтың 71°9'50.75" – солтүстік ендіктің 52°44'2.99", шығыс бойлықтың 71°13'7.36" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

100

39-6

Атан өзені

(оң жағалау)

Біржан сал ауданы (қаралып отырған тұстамасында), Еңбекшілдер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 километр

500-600

50

39-7

Жөкей көлі

Біржан сал ауданы

500

35-75

39-8

Сор көлінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°29'14.00", шығыс бойлықтың 71°0'50.00" – солтүстік ендіктің 52°29'41.00", шығыс бойлықтың 71°0'34.00"

географиялық координаттарының тұстамасында)

300

100

39-9

Атауы жоқ тоған

Біржан сал ауданы, Заураловка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

300

75

39-10

Шат өзенінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°55'27.00", шығыс бойлықтың 72°51'21.00" – солтүстік ендіктің 52°58'20.00", шығыс бойлықтың 72°57'16.00" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

35

39-11

Семізбай өзенінің учаскесі

Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°56'54.00", шығыс бойлықтың 72°45'47.00" – солтүстік ендіктің 52°58'22.00", шығыс бойлықтың 72°57'15.00" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

35

Бұланды ауданы

40

Аршалы өзені

Бұланды ауданы

500

35-55

41

Бақсұқ өзені

Бұланды ауданы

500

35-55

42

Атауы жоқ өзеннің (Сухая балка өзені) арнасындағы учаскесі

Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі Байсуат ауылының маңында

500

50

42-1

Қайрақты өзенінің ұзындығы 400 метр учаскесі

Бұланды ауданы, Вознесенка ауылдық округі, Вознесенка ауылы

500

35

42-2

Ярославское көлі

Бұланды ауданы, Журавлев ауылдық округі, Ярославка ауылынан 1,58 шақырымда

300

100

42-3

Кадастрлық нөмірі 01-009-003-190 жер учаскесінің шекарасы шегінде ұзындығы 358 метр Қайрақты өзенінің учаскесі (оң жағалау)

Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Байсуат ауылы

500

35

42-4

Кадастрлық нөмірлері 01-009-003-204; 01-009-003-205; 01-009-003-206; 01-009-003-230 жер учаскесінің шекарасы шегінде ұзындығы 4,321 шақырым Қайрақты өзенінің учаскесі (сол жағалау)

Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай және Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай

80-500

35

42-5

Қыстау-Қарағай тоғаны

Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Аққайың ауылы

300

50

42-6

Прохоровско-Колоколовская су қоймасы

Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі

500

35-55

42-7

Талғынкөл көлі

Бұланды ауданы



42-8

Мат өзенінің учаскесі

Бұланды ауданы, Амангелді ауылдық округі (солтүстік ендіктің 52°7'18.90", шығыс бойлықтың 69°58'49.61" – солтүстік ендіктің 52°11'22.18", шығыс бойлықтың 69°54'42.04" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

50

42-9

Қоңыр өзенінің ұзындығы 5,4 шақырым учаскесі

Бұланды ауданы, Новобратск ауылдық округі

500

35-100

Бурабай ауданы

43

Қылшақты өзені

Бурабай ауданы

500

35-100

44

Аршалы өзені

Бурабай ауданы

500

35-40

45

Аршалы өзенінің ұзындығы 3 шақырым учаскесі (Николаевка ауылының маңында)

Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Николаевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,3 шақырымда

500

100

46

Қатаркөл көлі

Бурабай ауданы

500

35-100

47

Щучье көлі

Бурабай ауданы

500

35-100

48

Кіші Шабақты көлі

Бурабай ауданы

500

35-90

49

Үлкен Шабақты көлі

Бурабай ауданы

500

35-100

50

Бурабай көлі

Бурабай ауданы

500

35-100

51

Жөкей көлі

Бурабай ауданы

500

35-75

52

Майбалық көлі

Бурабай ауданы

300

50-90

53

Қараүңгір көлі

Бурабай ауданы

500

35-80

54

Текекөл көлі

Бурабай ауданы, Үлкен Шабақты көлінен 500 метр солтүстікке қарай

300

50

55

Алакөл көлі

Бурабай ауданы, Златополье ауылдық округі, Златополье ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда

500

35

56

Шыбындыкөл көлі

Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Райгородок ауылынан солтүстікке қарай 70 метрде

500

100

57

Атауы жоқ көл

Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі, Ескі Қарабауыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,4 шақырымда

300

35

58

Лавочное көлі

Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Успеноюрьев ауылының батыс жағынан

300

35

59

Қайыңдыкөл көлі

Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Қарағай ауылының батыс жағынан

300

35

60

Қояндыкөл көлі

Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Клинцы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,73 шақырымда

500

35

60-1

Жайнақ көлі

Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі, Зеленый Бор ауылынан солтүстікке қарай 4 шақырымда

300

50

60-2

Қатаркөл көлінің учаскесі

Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы (солтүстік ендіктің 52°58'4.87", шығыс бойлықтың 70°23'57.47" – солтүстік ендіктің 52°58'9.92", шығыс бойлықтың 70°25'32.34" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

35

60-3

Лесной хутор тоғаны

Бурабай ауданы, Златополье ауылдық округі, Лесной хутор ауылының маңында

300

100

Ерейментау ауданы

61

Селеті өзені

Ерейментау ауданы

500

35-100

62

Зимбұлак (Шымбұлақ) өзені

Ерейментау ауданы

500

35

63

Жобаланып отырған "Ерейментау қаласы ауданындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясына" көпір мен кіре беріс жол салу үшін жер учаскесінің тұстамасындағы Зимбұлақ өзені

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырымда

500

35

64

Жобаланып отырған "Ерейментау қаласы ауданындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясының" қуат беру желісі мен арттыру қосалқы станциясы орналасқан жер учаскесі тұстамасындағы Зимбұлақ өзенінің оң жағалауы бойынша учаскесі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының шегінде

500

35

65

Кедей өзенінің ағысы, атауы жоқ тартылу үстіндегі өзенінің учаскесі

Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылдық округі (№ 1 нүктесінің координаттары шегінде шығыс бойлықтың 72°34'42.99" және солтүстік ендік 51°52'3.44" – № 2 нүктесі шығыс бойлықтың 72°34'5.7" және солтүстік ендік 51°50'29.39")

500

35

66

Теңіз көлі

Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Сарыадыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10,5 шақырымда

500

100

67

Көбейтұз көлі

Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Сарыадыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6,7 шақырымда

500

35

68

Қоржынкөл көлі

Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Қоржынкөл станциясынан солтүстік-батысқа қарай 5,5 шақырымда

500

100

69

Жарсор көлі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымнан астам

500

35

70

Үлкен Шарықты көлі

Ерейментау ауданы

500

35

70-1

Өлеңті өзені

Ерейментау ауданы

500

35-38

70-2

Кәрібай өзенінің ұзындығы 1,7 шақырым учаскесі

Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі, Олжабай батыр ауылының шекараларында

500

35

70-3

Олжабай өзені

Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі

500

35

70-4

Шайтанды өзені

Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі

500

35

70-5

Қарасу өзенінің ағысы

Новокаменка ауылынан Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылына дейін

86-500

35-100

70-6

Кедей өзені

Ерейментау ауданы

500

35-75

70-7

Ақмырза өзені

Ерейментау ауданы

500

35-100

70-8

Тамдыөзек өзені

Ерейментау ауданы Тайбай көліне дейін

500

35-50

70-9

Тұрғынбай өзені

Ерейментау ауданы

500

9-100

70-10

Қарасу өзені

Ерейментау ауданы

500

35-75

70-11

Тайғанкөл көлі

Ерейментау ауданы

500

50-100

Есіл ауданы

71

Есіл өзені

Есіл ауданы

500-1000

50-100

72

Қызылсу өзені

Есіл ауданы

500-550

35-41

Жақсы ауданы

73

Есіл өзені

Жақсы ауданы

500-1000

50-100

74

Терісаққан өзені

Жақсы ауданы

500

35-100

75

Қамысақты өзені

Жақсы ауданы, Терісаққан ауылының маңында

500

75

76

Белағаш су қоймасы

Жақсы ауданы

500

35-50

77

Шұңқыркөл су қоймасы

Жақсы ауданы

500

75

77-1

Шоптыкөл көлі

Жақсы ауданы, Қийма ауылынан оңтүстікке қарай 18 шақырымда (солтүстік ендіктің 51°24'48.05", шығыс бойлықтың 67°30'46.01" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

100

77-2

Чапаев Бөгеті-1

Жақсы ауданы

300

35

77-3

Чапаев Бөгеті-2

Жақсы ауданы

300

35

Жарқайың ауданы

78

Есіл өзені

Жарқайың ауданы

500-1000

50-100

79

Терісаққан өзені

Жарқайың ауданы

500

35-100

80

Коко өзені

Жарқайың ауданы

500-550

35-42

Зеренді ауданы

81

Шағалалы өзені

Зеренді ауданы

500

35-100

82

Айдабол көлі

Зеренді ауданы, Викторовка ауылы

500

35-90

83

Зеренді көлі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы

500

35-80

84

Құмдыкөл көлінің учаскесі

Зеренді ауданы, Приречное ауылдық округі, Павловка ауылынан шығысқа қарай 3 шақырымда, "Құмдыкөл" кен орнын өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі аумағының географиялық координаттары тұстамасында (№1 солтүстік ендігі 53º08'22.52", шығыс бойлығы 68º57'25.02"; №2 солтүстік ендігі 53º08'12.56", шығыс бойлығы 68º58'19.70")

500

75

85

Подлесненское су қоймасы

Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылының маңында

300

35

85-1

Желтау көлінің учаскесі және оның ағысы

Зеренді ауданы, Қанай би атындағы ауылдық округі (солтүстік ендіктің 53°1'5.93", шығыс бойлықтың 69°30'20.33" – солтүстік ендіктің 53°1'1.23", шығыс бойлықтың 69°32'34.11" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

50

85-2

Қылшақты өзені

Зеренді ауданы

500

35-100

85-3

Қошқарбай өзенінің учаскесі

Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі, Серафимовка ауылы (солтүстік ендіктің 52°57'34.00", шығыс бойлықтың 69°17'56.00" – солтүстік ендіктің 52°57'40.00", шығыс бойлықтың 69°17'53.00" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

35

85-4

Терісбұтақ өзенінің учаскесі

Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі (солтүстік ендіктің 52°54'40.00", шығыс бойлықтың 68°55'58.00" – солтүстік ендіктің 52°56'43.00", шығыс бойлықтың 68°55'19.00" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

35

85-5

Жабай өзені

Зеренді ауданы

500

35-100

Қорғалжын ауданы

86

Нұра өзені

Қорғалжын ауданы

1000

35-100

87

Сұлтанкелді көлі

Қорғалжын ауданы

500

35-50

88

Теңгіз көлі

Қорғалжын ауданы

500

50

89

Алакөл көлі

Қорғалжын ауданы, Арықты және Кеңбидайық ауылдық округтерінің аумағында

500

100

89-1

Сұлқұркөл көлі

Қорғалжын ауданы

500

35

Сандықтау ауданы

90

Жабай өзені

Сандықтау ауданы

500

35-100

91

Жыландинка өзені

Сандықтау ауданы

500

35-55

92

Сарқырама өзені

Сандықтау ауданы

500

35-55

93

Құмдыкөл көлі

Сандықтау ауданы

500

35-75

94

Жақсы-Жалғызтау көлі

Сандықтау ауданы

500

35-100

Целиноград ауданы

95

Есіл өзені

Целиноград ауданы

500-1000

50-100

96

Нұра өзені

Целиноград ауданы

1000

35-100

97

Қозыкөш өзенінің сол ағысы болып табылатын Мұқыр өзенінің учаскесі

Целиноград ауданы

500

35

98

Қозыкөш өзенінің учаскесі

Целиноград ауданы

500

35

99

Сарқырама және Қозыкөш өзендерінің учаскелері

Целиноград ауданы, Қаражар ауылының оңтүстік-батысынан 200 метр қашықтықта орналасқан жер учаскесінің тұстамасында

500

35

100

Ескі Сарқырама өзенінің учаскесі

Целиноград ауданы, Тайтөбе ауылының жобаланатын электр беру желісінің өту учаскесі

500

35

101

Қызылсай өзенінің учаскесі

Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі, "АлтынБедел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуантөбе учаскесі

500

35

102

Қозыкөш өзенінің (оң жағалауы) учаскесі

Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының батыс жағынан

500

35

103

Қозыкөш өзенінің ұзындығы 2,5 шақырым учаскесі

Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі, Қаражар ауылынан оңтүстікке қарай 3,6 шақырымда

500

50

104

Зоревка көлі

Целиноград ауданы, Приреченский ауылдық округі

300

75-100

105

Әулиетай көлінің учаскесі

Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі, Қараөткел ауылынан солтүстікке қарай 2,5 шақырымда

180-300

35

106

Ақ үй бөгеті

Целиноград ауданы, Приреченский ауылдық округі

500

35-75

107

Соленая Балка бөгеті

Целиноград ауданы, Қоянды ауылдық округі, Тимофеевка ауылының оңтүстігіне қарай 5,5 шақырымда

300

75

108

Атауы жоқ бөгет

Целиноград ауданы, Софиевка ауылдық округі

300

35-50

109

Қоянды су қоймасы

Целиноград ауданы, Қоянды ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4,2 шақырымда

500

35

109-1

Дәмира көлі

Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі

300

35

109-2

Үшкөл көлі

Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі

300

35

109-3

Қарасу өзені

Целиноград ауданы

500

35

109-4

Қозыкөш өзені

Целиноград ауданы

500

35-38

109-5

Мұқыр өзені

Целиноград ауданы

500

35-40

109-6

Есіл өзенінің ұзындығы 94,460 шақырым учаскесі

Целиноград ауданы, айналма автомобиль жолынан Астрахан ауданымен шекараға дейін

500

35-39

109-7

Мортық көлі

Целиноград ауданы, Мортық ауылының маңында

300

35

109-8

Жарлыкөл көлінің ұзындығы

1 шақырым учаскесі

Целиноград ауданы (солтүстік ендіктің 50°36'4.61", шығыс бойлықтың 70°58'50.71" – солтүстік ендіктің 50°36'3.74", шығыс бойлықтың 70°59'41.59" географиялық координаттарының тұстамасында)

500

50

109-9

Плантация тоғаны

Целиноград ауданы

300

50

Шортанды ауданы

110

Селеті өзені

Шортанды ауданы

500

35-100

111

Колутон өзені

Шортанды ауданы

500

35-100

112

Атауы жоқ өзеннің арнасы учаскесі (Колутон өзенінің ағысы)

Шортанды ауданы, Алтай ауылының маңында

500

50

113

Жолымбет кен алаңының қапталдары учаскесінде орналасқан Ащылыайрық өзенінің учаскесі

Шортанды ауданы

500

35

114

Дамса өзенінің учаскесі

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылы, "Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылында орталық қазандық және жылу желілерінің құрылысы" жобаланып жатқан объектіден солтүстік-шығысқа қарай 0,9 шақырымда

500

35

115

Дамса өзенінің учаскесі

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Шортанды кентінің оңтүстік жағынан

500

35

116

Бозайғыр көлі

Шортанды ауданы

500

50-75

117

Барышевка көлі

Шортанды ауданы, Бектау ауылдық округі, Бектау ауылынан 5 шақырымда

300

100

118

Большая Балка бөгеті

Шортанды ауданы, Дамса және Бозайғыр ауылдық округтерінің шекарасында, Степное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырымда

300

100

119

Ключи (Взрыв) тоғаны

Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округі, Ключи ауылынан 5 шақырымда

300

50

119-1

Дамса өзенінің учаскесі "Дамсинская" бөгетінде шлюздердің құрылысы және қолданыстағы су өткізу имаратын консервациялау" жобасына

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылының жанында

500

35

119-2

Елизаветинская бөгеті

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі (солтүстік ендіктің 51°28'6.83", шығыс бойлықтың 71°7'26.88" географиялық координаттарының тұстамасында)

300

100

119-3

Основная бөгеті

Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылынан 3 шақырымда

500

35

119-4

Табыскөл көлі

Шортанды ауданы

500

75

119-5

Уақ көлі

Шортанды ауданы

500

100


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ А-5/222 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабымен белгіленген талаптар ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ А-5/222 қаулысына
3-қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 болып тіркелген).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері, Террісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 17 наурыздағы № А-4/106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 болып тіркелген).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3357 болып тіркелген).

      5. Ақмола облысы әкімдігінің "Есіл өзенінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3417 болып тіркелген).

      6. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № А-10/424 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3454 болып тіркелген).

      7. Ақмола облысы әкімдігінің "Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі № А-6/269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 болып тіркелген).

      8. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдерінің, Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4167 болып тіркелген).

      9. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/562 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5177 болып тіркелген).

      10. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысының Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округі Байсуат ауылына жақын орналасқан атауы жоқ өзеннің (Сухая балка өзені) арнасындағы учаскенің су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу және оны шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-8/342 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5490 болып тіркелген).

      11. Ақмола облысы әкімдігінің "Жарлыкөл көлінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу туралы" 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген).

      12. Ақмола облысы әкімдігінің "Қозыкөш өзенінің сол ағыны болып табылатын Мұқыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/337 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген).

      13. Ақмола облысы әкімдігінің "Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/338 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6074 болып тіркелген).

      14. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданы Алтай ауылының жанындағы атауы жоқ өзеннің арнасы учаскесінде (Колутон өзенінің ағыны) су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № А-11/507 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6212 болып тіркелген).

      15. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Біржан сал ауданында орналасқан тұзды көлдің учаскесіне (атауы жоқ) су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 5 ақпандағы № А-2/63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген).

      16. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан Қозыкөш өзенінің участігіне су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-4/145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6558 болып тіркелген).

      17. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданында Жолымбет кен алаңының шетіндегі учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзенінің учаскесіне су қорғау аймағымен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № А-5/217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6667 болып тіркелген).

      18. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Степногорск қаласының аумағында орналасқан Ақсу өзені арнасының учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 28 ақпандағы № А-2/93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7094 болып тіркелген).

      19. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округінің жерлерінің шекарасындағы Зоревка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 мамырдағы № А-5/220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген).

      20. Ақмола облысы әкімдігінің "Жібек Жолы ауылы аумағында Есіл (Ишим) өзені арнасының учаскесінде және атауы жоқ көлдердің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 22 мамырдағы № А-5/233 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7216 болып тіркелген).

      21. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Есіл өзенінің оң жақ ағысы – атауы жоқ кіші өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № А-5/238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7217 болып тіркелген).

      22. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Әлихан бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 маусымдағы № А-6/257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген).

      23. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округінің жерлерінің шекараларындағы Ақ үй бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № А-7/294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7262 болып тіркелген).

      24. Ақмола облысы әкімдігінің "Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № А-7/295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7272 болып тіркелген).

      25. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан Сарқырама және Қозыкөш өзендерінің учаскелеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/430 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7390 болып тіркелген).

      26. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № А-10/460 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7399 болып тіркелген).

      27. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Соленая Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/639 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 болып тіркелген).

      28. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Большая Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/640 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген).

      29. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Жалтыркөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы № А-6/303 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7887 болып тіркелген).

      30. Ақмола облысы әкімдігінің "Алакөл көлі, Қызылсу, Коко өзендері, Қоянды, Краснобор су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 маусымдағы № А-7/343 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7931 болып тіркелген).

      31. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Ключи (Взрыв) тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 13 шілдедегі № А-7/361 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7963 болып тіркелген ).

      32. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 21 тамыздағы № А-9/418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7998 болып тіркелген).

      33. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенінің оң жағалауы бойынша учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8064 болып тіркелген).

      34. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан атауы жоқ бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8066 болып тіркелген).

      35. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Ескі Сарқырама өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/498 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8065 болып тіркелген).

      36. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Шелқар көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 29 қазандағы № А-11/549 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8120 болып тіркелген).

      37. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 наурыздағы № А-3/115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген).

      38. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Көбейтұз көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № А-3/127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 болып тіркелген).

      39. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Теңіз көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № А-3/128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8401 болып тіркелген).

      40. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы № А-3/138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8406 болып тіркелген).

      41. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының Қызылсай өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8443 болып тіркелген).

      42. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Әулиетай көлінің учаскесінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/261 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8495 болып тіркелген).

      43. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Үлкен Сарыоба көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8494 болып тіркелген).

      44. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/263 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген).

      45. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Қоржынкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8497 болып тіркелген).

      46. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан Аршалы өзенінің ұзындығы 3 шақырым учаскесіне (Николаевка ауылына жақын) су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8498 болып тіркелген).

      47. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Зеренді ауданы Құмдыкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/518 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24874 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады