Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов индивидуальному учебному плану

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 20 сентября 2017 года № 118. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 9 октября 2017 года № 5985. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 23 февраля 2022 года № 137

      Сноска. Утратило силу решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 23.02.2022 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и статьей 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года “О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями” Кармакшинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер возмещения затрат родителей или иных законных представителей на обучение на дому (далее - возмещение затрат) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по инвидуальному учебному плану в размере девяти месячных расчетных показателей.

      2. Возмещение затрат осуществляет коммунальное государственное учреждение "Кармакшинский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее – уполномоченный орган) и для города Байконыр осуществляет сектор города Байконыр уполномоченного органа за счет средств районного бюджета ежеквартально с месяца обращения в течение соответствующего учебного года родителям или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 14.08.2019 № 255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Прием заявления или выдача результата оказания государственной услуги родителям или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями для возмещения затрат на обучение на дому осуществляется согласно стандарту государственной услуги “Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов” утвержденный приложением 22 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 “Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере” (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 11342) и представляет документы указанные в пункте 9.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 01.10.2018 № 193 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Возмещение затрат прекращается в случаях:

      1) достижение восемнадцати лет;

      2) смерти;

      3) снятия инвалидности;

      4) в период обучения в доме интернате или санаторной школе;

      5) окончание срока заключения психолого – медико – педагогической консультации;

      6) выезда на постоянное место жительства за пределы Кармакшинского района детей с ограниченными возможностями.

      Возмещение затрат прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили указанные обстоятельства.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель очередной 14-сессии
Кармакшинского районного маслихата
М.Есщанов
      Секретарь Кармакшинского районного маслихата М.Наятулы
      "СОГЛАСОВАНО"
Временно исполняющий
обязанности руководителя коммунального
государственного учреждения
"Кармакшинский районный отдел
занятости, социальных программ и регистрации
актов гражданского состояния"
Е.Біләлов ________________
"20" сентября 2017 года.
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель
коммунального государственного
учреждения "Кармакшинский
районный отдел экономики
и бюджетного планирования"
А.Байсынов ________________
"20" сентября 2017 года.

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 118 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қазанда № 5985 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2022 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Шығындарды өтеуді "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Байқоңыр қаласы үшін осы уәкілетті органның Байқоңыр қаласы бойынша секторы кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 14.08.2019 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 9тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 01.10.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:

      1) он сегіз жасқа толғанда;

      2) қайтыс болғанда;

      3) мүгедектігін алып тастағанда;

      4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;

      6) Қармақшы ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

      Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезекті 14-сессиясының төрағасы
М.Есщанов
      Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы: М.Наятұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
________________Е.Біләлов
"20" қыркүйек 2017 жыл.
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қармақшы аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________А.Байсынов
"20" қыркүйек 2017 жыл.