Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2022 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 118 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5985 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Шығындарды өтеуді "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Байқоңыр қаласы үшін осы уәкілетті органның Байқоңыр қаласы бойынша секторы кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-сессиясының төрағасы |
Т.Ералиев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |