О внесении изменения в решение областного маслихата от 20 августа 2014 года № 287/34 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении"

Решение маслихата Павлодарской области от 15 июня 2017 года № 129/14. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 30 июня 2017 года № 5549. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 14 июня 2018 года № 236/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Павлодарской области от 14.06.2018 № 236/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата от 20 августа 2014 года № 287/34 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4020, опубликованное 16 сентября 2014 года в газетах "Сарыарқа самалы" и "Звезда прииртышья") следующее изменение:

      абзац третий пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "с заболеванием муковисцидоз - препарат "Колистин" (Колистиметат), препарат "Тоби" (Тобрамицин) и специализированные лечебные продукты "Нутрикомп дринк плюс", "Нутриэнт стандарт";".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам социального и культурного развития.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Абишева
      Секретарь областного маслихата В. Берковский

Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 129/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда № 5549 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы "Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы" № 287/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - "Колистин" (Колистиметат) препараты, "Тоби" (Тобрамицин) препараты және мамандандырылған емдік тағамдары "Нутрикомп дринк плюс", "Нутриэнт стандарт";".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Әбішева
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский