Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2018 № 236/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек құралдары, бейімделген емдік өнімдері қосымша ұсынылатын болсын:
эпилепсия ауруына шалдыққандар үшін - "Кеппра" (Леветирацетам) препараты;
муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - "Колистин" (Колистиметат) препараты, "Тоби" (Тобрамицин) препараты және мамандандырылған емдік тағамдары "Нутрикомп дринк плюс", "Нутриэнт стандарт";
алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – "Имукин" интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық мәслихатының 15.04.2016 № 26/2 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық мәслихатының 15.06.2017 № 129/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, облыстық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Көбенов |