О внесении изменения в постановление акимата Лебяжинского района от 15 марта 2016 года № 53/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором"

Постановление акимата Лебяжинского района Павлодарской области от 20 января 2017 года № 1-12/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 6 февраля 2017 года № 5358. Утратило силу постановлением акимата района Аққулы Павлодарской области от 26 июня 2019 года № 1-03/160 (вводится в действие со дня первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района Аққулы Павлодарской области от 26.06.2019 № 1-03/160 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях оптимального, эффективного расходования бюджетных средств, акимат Лебяжинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Лебяжинского района от 15 марта 2016 года № 53/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5012, опубликовано 2 апреля 2016 года в районной газете "Аққу үні - Вести Акку") следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района по экономическим и финансовым вопросам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района С. Жангазинов

  Приложение
к постановлению акимата
Лебяжинского района
от "20" января 2017 года
№ 1-12/5

Бюджетные программы и товары, работы, услуги, по которым организация
и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
по Лебяжинскому району

№ п/п

Наименование

1.

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов районным местным исполнительным органом

2.

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает четырехтысячекратный месячный расчетный показатель, но не более стотысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год


Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 1-12/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5358 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 26.06.2019 № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Аққу үні - Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Лебяжі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "20" қаңтардағы
№ 1-12/5 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

Р/с №

Атауы

1.

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2.

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар