Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 53/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 5012 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 26.06.2019 № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының барлық мәтіні бойынша:
      "Лебяжі ауданының", "Лебяжі ауданы" деген сөздер "Аққулы ауданының", "Аққулы ауданы" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 13.12.2018 № 1-03/327 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында Аққулы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аққулы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Аққулы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "15" наурыздағы
№ 53/3 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді Аққулы ауданы
бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 13.12.2018 № 1-03/327 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с №

Атауы

1.

Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2.

Тапсырыс берушілер бастамасы бойынша сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады