Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 26.06.2019 № 1-03/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 53/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Аққу үні - Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Жанғазинов |
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "20" қаңтардағы № 1-12/5 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік
сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Р/с № | Атауы |
1. | Аудандық жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар |
2. | Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар |