Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы
|
Ғабит Мүсірепов атындағы
|
ауданы мәслихатының
|
XV сессиясы төрайымы
|
Л. Әбдрахманова
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
Ғабит Мүсірепов атындағы
|
ауданы мәслихатының хатшысы
|
Е. Әділбеков
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының аймақтау жобасы (схемасы)
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 2 |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының бағалау аймағының шекарасы
№
|
Аймақ шекарасының сипаттамасы
|
I
|
Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы бойымен темір жол тұйығы және элеватор аумағы, солтүстік-шығыс жағынан - Элеваторный көшесі бойынша, шығыс және оңтүстік-шығыс жағынан - Абылай хан көшесі бойынша және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді
|
II
|
Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы Абылай – хан көшесімен өтеді, солтүстік-шығыс жағынан, Есіл өзенінің арнасына дейін және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді
|
III
|
Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы Абылай – хан көшесімен өтеді, солтүстік-шығыс жағынан, Есіл өзенінің арнасына дейін және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді
|
IV
|
Новоишим селосының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік және батыс тараптары аймағының шекарасы Новоишим ауылының барлық шекараларынан өтеді, жоғарыдағы аймақтың шекарасы солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді, шығыс жағынан – Жезқазған - Петропавл жол осі бойынша
|
V
|
Новоишим селосының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік және батыс тараптары аймағының шекарасы Новоишим ауылының барлық шекараларынан өтеді, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағынан - Элеваторный көшесі бойынша элеватор аумағының жанында және темір жол тұйығына дейін бөлінген Қостанай-Көкшетау белдеу темір жолы
|
VI
|
Новоишим селосының шығыс жағында оранласқан
|
VII
|
Новоишим селосының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүтік шекара аймағы жағынан солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді, шығыс және оңтүстік жағынан Новоишим селосының шекарасы бойынша, шығыс жағынан – Жезқазған - Петропавл жол осі бойынша
|
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 3 |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттері
Аймақтың
№
|
Жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттері
|
I
|
1.31
|
II
|
1.22
|
III
|
1.12
|
IV
|
1.04
|
V
|
0.99
|
VI
|
0.81
|
VII
|
0.75
|