Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 4407 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 1, 2, 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының
      XV сессиясы төрайымы Л. Әбдрахманова
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 1

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының аймақтау жобасы (схемасы)

     


  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 2

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының бағалау аймағының шекарасы

Аймақ шекарасының сипаттамасы

 
I

Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы бойымен темір жол тұйығы және элеватор аумағы, солтүстік-шығыс жағынан - Элеваторный көшесі бойынша, шығыс және оңтүстік-шығыс жағынан - Абылай хан көшесі бойынша және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді

II

Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы Абылай – хан көшесімен өтеді, солтүстік-шығыс жағынан, Есіл өзенінің арнасына дейін және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді

III

Новоишим селосының орталық бөлігін алып жатыр. Солтүстік-батыс жағынан аймақ шекарасы Абылай – хан көшесімен өтеді, солтүстік-шығыс жағынан, Есіл өзенінің арнасына дейін және оңтүстік жағынан - солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді

IV

Новоишим селосының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік және батыс тараптары аймағының шекарасы Новоишим ауылының барлық шекараларынан өтеді, жоғарыдағы аймақтың шекарасы солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді, шығыс жағынан – Жезқазған - Петропавл жол осі бойынша

V

Новоишим селосының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік және батыс тараптары аймағының шекарасы Новоишим ауылының барлық шекараларынан өтеді, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағынан - Элеваторный көшесі бойынша элеватор аумағының жанында және темір жол тұйығына дейін бөлінген Қостанай-Көкшетау белдеу темір жолы

VI

Новоишим селосының шығыс жағында оранласқан

VII

Новоишим селосының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүтік шекара аймағы жағынан солтүстік желі бойынша Қостанай-Көкшетау темір жол жолағы өтеді, шығыс және оңтүстік жағынан Новоишим селосының шекарасы бойынша, шығыс жағынан – Жезқазған - Петропавл жол осі бойынша


  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-5 шешіміне қосымша 3

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттері

Аймақтың

Жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттері

I

1.31

II

1.22

III

1.12

IV

1.04

V

0.99

VI

0.81

VII

0.75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады