О внесении дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 "О едином организаторе государственных закупок"

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года № 3228. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 августа 2017 года № 5169. Утратило силу постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 3 июня 2019 года № 2385

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 03.06.2019 № 2385 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 "О едином организаторе государственных закупок" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4974, опубликовано 27 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов, 29 апреля 2017 года в газетах "Дидар", "Рудный Алтай") следующие дополнения:

      в указанном постановлении:

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Определить перечень работ, по которым организация и проведение государственных закупок выполняются единым организатором государственных закупок, согласно приложению к настоящему постановлению";

      дополнить приложением согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города
      Усть-Каменогорска К. Тумабаев

  Приложение
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от "07" _08_ 2017года
  3228

Перечень работ, по которым организация и проведение государственных закупок выполняются единым организатором

№ п/п

Наименование работ

1.

Создание (строительство) новых либо реконструкция и капитальный ремонт имеющихся объектов, реализуемых за счет бюджетных средств, где администраторами бюджетных программ выступают государственные учреждения города Усть-Каменогорска, а также где заказчиками выступают коммунальныегосударственные предприятия, юридические лица города Усть-Каменогорск, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатипятитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год бюджетным законодательством)

2.

Создание (строительство) новых либо реконструкция и капитальный ремонт имеющихся объектов, закупаемых в рамках реализуемых бюджетных инвестиционных проектов (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатипятитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

3.

Средний, текущий ремонт автомобильных дорог городского значения (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

4.

Ремонтные работы водопроводных и тепловых сетей, канализаций (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

5.

Благоустройство (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

      Примечание: указанный размер месячного расчетного показателя учитывается с НДС

Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 3228 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 тамызда № 5169 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 2385 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 03.06.2019 № 2385 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сай, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы" қаулысына (№ 4974 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2017 жылғы 29 сәуірінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулыда:

      келесі мазмұндағы 1-1- тармағымен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сай анықталсын";

      осы қаулыға қосымшаға сай қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі К. Тұмабаев

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы " 07 " 08
3228 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар тізбесі

р/р

Жұмыстардың атауы

1.

Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу, ол жерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері болады, сондай-ақ тапсырыс берушілер ретінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, Өскемен қаласының заңды тұлғалары болады, олардың елу және одан көп дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі (бюджет заңнамасымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)

2.

Іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар аясында сатып алынатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)

3.

Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)

4.

Су құбырлық және жылу желілерінің, канализациялардың жөндеу жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)

5.

Абаттандыру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)

      Ескерту: айлық есептік көрсеткіштің аталған мөлшері ҚҚС бірге есепке алынады