О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Чингирлауского района

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 23 февраля 2017 года № 32. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 16 марта 2017 года № 4724

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Чингирлауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу постановления акимата Чингирлауского района от 21 апреля 2016 года №39 "Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2016 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4350, опубликованное 11 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") и от 20 октября 2016 года № 148 "Об определении сроков предоставления заявки на субсидирование повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2016 год по Чингирлаускому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4588, опубликованное 28 октября 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).
      2. Ведущему специалисту отдела государственно-правовой работы и службы управления персоналом (кадровой службы) аппарата акима Чингирлауского района (Ажмуратова Н.Ж.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Айтмухамбетова К.Ш.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района А.Есалиев

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 32 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 4724 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 39 "2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4350 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2016 жылғы 20 қазандағы № 148 "Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы (Н.Ж.Ажмұратова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Есалиев