О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 76 "Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 51. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2018 года № 16510

      В соответствии со статьей 167 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 76 "Об утверждении Правил представления заявок на привлечение связанных грантов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9941, опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" от 23 января 2015 года) следующие изменения:

      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      Правила представления заявок на привлечение связанных грантов, утвержденные указанным приказом изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту бюджетных инвестиций и развития государственно-частного партнерства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

  Приложение
к приказу исполняющего
обязанности Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 16 февраля 2018 года № 51
  Утверждены
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 11 ноября 2014 года № 76

Правила представления заявок на привлечение связанных грантов

      1. Настоящие Правила представления заявок на привлечение связанных грантов (далее – Правила) определяют порядок представления заявок на привлечение связанных грантов центральными государственными органами с учетом заявок местных представительных и исполнительных органов (далее – заявки) в центральный уполномоченный орган по государственному планированию (далее – уполномоченный орган).

      2. Центральные государственные органы с учетом заявок местных представительных и исполнительных органов представляют заявку в произвольной форме на рассмотрение в уполномоченный орган, содержащую:

      1) информацию о получателе связанного гранта;

      2) информацию о предполагаемом доноре;

      3) информацию о сумме гранта;

      4) сводную таблицу финансирования связанного гранта по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с разбивкой на источники финансирования (средства гранта и софинансирования к нему) на каждый год реализации связанного гранта в валюте и в тенге;

      5) пояснительную записку (обоснование) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам к каждой заявке в отдельности, с указанием цели, планируемых мероприятий, ожидаемых результатов в соответствии с государственными программами или программами развития территорий;

      6) отраслевое заключение соответствующего государственного органа при наличии в заявке на привлечение связанного гранта центрального государственного органа мероприятия не входящего в его компетенцию.

      В случае если проект связанного гранта реализуется за счет средств софинансирования из республиканского бюджета и донора предоставляется соответствующее отраслевое заключение центрального уполномоченного органа.

      В случае если реализация проекта связанного гранта, затрагивает сферу ответственности нескольких центральных государственных органов, бенефициаром предоставляется отраслевое заключение, согласованное с заинтересованными государственными органами.

      К заявкам на привлечение связанных грантов, направленных или предусматривающих создание или развитие информационных систем, прилагается отраслевое заключение уполномоченного органа в сфере информатизации.

      Отраслевое заключение предоставляется соответствующими центральными государственными органами за подписью курирующего заместителя руководителя центрального государственного органа.

      В случае если проект связанного гранта реализуется за счет средств софинансирования из местного бюджета и донора предоставляется соответствующее отраслевое заключение местного исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета.

      В случае если проект связанного гранта, предполагаемый к реализации за счет средств софинансирования из местного бюджета и донора затрагивает сферу ответственности нескольких местных исполнительных органов, бенефициаром предоставляется отраслевое заключение согласованное с заинтересованными местными исполнительными органами.

      3. В случае представления центральными государственными органами нескольких заявок на соответствующий финансовый год, заявки указываются в порядке их приоритетности.

      4. Заявки, составленные в соответствии с настоящими Правилами, направляются центральными государственными органами в уполномоченный орган не позднее 20 февраля финансового года, предшествующего очередному финансовому году.

      5. В случае одобрения донором заявки на привлечение связанного гранта целесообразность его привлечения определяется соответствующими бюджетными комиссиями.

  Приложение 1
к Правилам предоставления
заявок на привлечение
связанных грантов
  Форма

Сводная таблица финансирования связанного гранта

Связанный грант

Донор

Исполнительный орган

Год реализации

Средства гранта (валюта/тенге)

Сумма гранта

Софинансирование из государственного бюджета

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







 
  Приложение 2
к Правилам предоставления
заявок на привлечение
связанных грантов
  Форма

                              Пояснительная записка (обоснование)
      Цель:
      Планируемые мероприятия:
      Ожидаемые результаты в соответствии с государственными органами:

"Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16510 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9941 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 16 ақпандағы № 51
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 76 бұйрығымен бекітілген

Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары

      1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.

      2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, уәкілетті органның қарауына:

      1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;

      2) болжамды донор туралы ақпаратты;

      3) грант сомасы туралы ақпаратты;

      4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;

      5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);

      6) орталық мемлекеттік органның өтінімінде оның тікелей құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімді ұсынады.

      Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысын ұсынады.

      Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.

      Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.

      Салалық қорытындыны орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған тиісті орталық мемлекеттік органдар ұсынады.

      Байланысты грант жобасын жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, байланысты грант жобасының салалық қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган ұсынады.

      Іске асырылуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.

      3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер басымдығы бойынша көрсетіледі.

      4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

      5. Донор байланысты грантты тарту үшін жобаға гранттық қаржыландыруды беру мүмкіндігі туралы ниеттестік хатын ұсынған жағдайда оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.

  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі

Байланысты грант

Донор

Атқарушы орган

Іске асырылатын жылы

Грант қаражаты (валюта/теңге)

Грант сомасы

Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







4







5







 
  Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер беру
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Түсіндірме жазба (негіздеме)

      Мақсаты:

      Жоспарланған іс-шаралар:

      Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер: