2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9941 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Р. Дәленов |
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары
1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) беру тәртібін айқындайды.
2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, уәкілетті органның қарауына:
1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты;
2) болжамды донор туралы ақпаратты;
3) грант сомасы туралы ақпаратты;
4) байланысты грантты іске асырудың әрбір жылына валютамен және теңгемен қаржыландыру көздерін (грант қаражатын және оны бірлесіп қаржыландыруды) бөліп көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесін;
5) мемлекеттік, салалық бағдарламаларға немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес мақсатын, жоспарланатын іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін көрсете отырып, әрбір өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны (негіздеме);
6) орталық мемлекеттік органның өтінімінде оның тікелей құзыретіне кірмейтін іс-шара болған жағдайда тиісті мемлекеттік органның салалық қорытындысын қамтитын еркін нысандағы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімді ұсынады.
Егер байланысты грант жобасы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асырылатын болса, орталық уәкілетті органының тиісті салалық қорытындысын ұсынады.
Егер байланысты грант жобасын іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.
Салалық қорытындыны орталық мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған тиісті орталық мемлекеттік органдар ұсынады.
Байланысты грант жобасын жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру және донор қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, байланысты грант жобасының салалық қорытындысын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган ұсынады.
Іске асырылуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен болжанатын байланысты грант жобасы бірнеше салалық жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік саласын қозғаған жағдайда, бенефициар жергілікті атқарушы органдармен келісілген салалық қорытынды ұсынады.
3. Орталық мемлекеттік органдар тиісті қаржы жылына бірнеше өтінім ұсынған жағдайда өтінімдер басымдығы бойынша көрсетіледі.
4. Осы Қағидаларға сәйкес жасалған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар кезекті қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 20 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.
5. Донор байланысты грантты тарту үшін жобаға гранттық қаржыландыруды беру мүмкіндігі туралы ниеттестік хатын ұсынған жағдайда оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Байланысты грантты қаржыландырудың жиынтық кестесі
№ | Байланысты грант | Донор | Атқарушы орган | Іске асырылатын жылы | Грант қаражаты (валюта/теңге) | |
Грант сомасы | Мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 |
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Түсіндірме жазба (негіздеме)
Мақсаты:
Жоспарланған іс-шаралар:
Мемлекеттік органдармен сәйкес күтілетін нәтижелер: