Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан"

Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 239 и Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 47. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 марта 2018 года № 16531. Утратил силу совместным приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2023 года № 217 и Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2023 года № 66/НҚ.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 28.02.2023 № 217 и Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.02.2023 № 66/НҚ (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 208 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан".

      2. Признать утратившими силу:

      1) совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 630 и Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1189 "Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12849, опубликован 26 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет", 26 января 2016 года в газете "Юридическая газета" № 9 (2961));

      2) совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 июля 2017 года № 421 и Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 257 "О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 1189 и Министра финансов Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 630 "Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15463, опубликован 18 августа 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Департаменту развития "электронного правительства" и государственных услуг Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан (Хатиев А.Н.) обеспечить:

      1) исполнение настоящего совместного приказа некоммерческим акционерном обществом "Государственная корпорация "Правительство для граждан" Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан __________ Абаев Д.А.
 

 
Министр финансов
Республики Казахстан

__________ Султанов Б.Т.
 

  Утвержден
совместным приказом
Министра информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 16 февраля 2018 года № 47
и Министра финансов
Республики Казахстан
от 19 февраля 2018 года № 239

Перечень налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан"

      1. Налоговое заявление о регистрационном учете частного нотариуса, частного судебного исполнителя, адвоката, профессионального медиатора.

      2. Налоговое заявление о приостановлении (продлении, возобновлении) представления налоговой отчетности.

      3. Налоговое заявление налогоплательщика (налогового агента) об отзыве налоговой отчетности.

      4. Налоговое заявление на получение выписки из лицевого счета о состоянии расчетов с бюджетом, а также по социальным платежам.

      5. Налоговое заявление о постановке на регистрационный учет.

      6. Налоговое заявление на проведение зачета и (или) возврата налогов, платежей в бюджет, таможенных платежей, пеней, процентов и штрафов.

      7. Налоговое заявление на получение подтверждения налогового резидентства.

      8. Налоговое заявление о регистрационном учете электронного налогоплательщика.

      9. Налоговое заявление на получение справки о суммах, полученных доходов из источников в Республике Казахстан и удержанных (уплаченных) налогов.

      10. Налоговое заявление об изменении сроков исполнения налогового обязательства по уплате налогов и (или) плат.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16531 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 217 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 66/НҚ бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.02.2023 № 217 және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2023 № 66/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12849 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 26 қаңтарында "Заң газеті" газетінде № 9 (2787) жарияланған);

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 257 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 421 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15463 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен орындалуын;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
_____________ Д.Ә. Абаев
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Т. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы
16 ақпандағы № 47 және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 239 бұйрығымен бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі

      1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

      2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.

      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.

      4. Бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.

      5. Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш.

      6. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш.

      7. Салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш.

      8. Электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

      9. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш.

      10. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтініш.