"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12849 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 № 239 және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 16.02.2018 № 47 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 275 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11139 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Заң газетінде" № 138 (2724) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сонымен қатар Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен орындалуын;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ә.Ө. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б.Т. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
9 желтоқсандағы № 1189 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 630 бұйрығымен
бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі

      1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

      Ескерту.1-тамақ жаңа редакцияда-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.

      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.

      4. Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.

      5. Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш.

      6. Салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш.

      7. Алынып тасталды-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен
      8. Алынып тасталды-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен
      9. Алынып тасталды-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен
      10. Алынып тасталды-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен
      11. Алынып тасталды-ҚР Ақпарат және даму министрінің12.07.2017 № 257 және ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен

      12. Салық резиденттігін растауды алуға салықтық өтініш.

      13. Электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

      14. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы өтініш.

      15. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады