О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2018 года № 65. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 мая 2018 года № 16903

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Департаменту финансовой стабильности (Хакимжанов С.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 16 апреля 2018 года № 65

Перечень некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 179 "Об утверждении Правил осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, видов деятельности, а также Требований к приобретаемым (приобретенным) организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, активам и правам требования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9866, опубликовано 24 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 87 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 179 "Об утверждении Правил осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, видов деятельности, а также Требований к приобретаемым (приобретенным) ею сомнительным и безнадежным активам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11643, опубликовано 24 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2017 года № 77 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 179 "Об утверждении Правил осуществления организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, видов деятельности, а также Требований к приобретаемым (приобретенным) ею сомнительным и безнадежным активам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15202, опубликовано 14 июня 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 мамырда № 16903 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қаржылық тұрақтылық департаменті (Хәкімжанов С.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 16 сәуірдегі
№ 65 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9866 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11643 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15202 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).