Об утверждении Методики расчета контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 161. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 июня 2018 года № 17018.

      В соответствии с пунктом 29 статьи 278 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан.

      2. Департаменту недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 29 июня 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
______________М. Абылкасымова
23 мая 2018 года

  Утверждена
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 5 мая 2018 года № 161

Методика расчета контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчета контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан (далее - Методика) разработана в соответствии с пунктом 29 статьи 278 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" (далее - Кодекс), а также подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и предназначена для расчета контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан по контрактам на недропользование по углеводородам, заключенным до введения в действие Кодекса.

Глава 2. Расчет контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан

      2. Уполномоченный орган в области углеводородов на основании отчета об исполнении лицензионно-контрактных условий, проводит сверку показателей по исполнению контрактных обязательств недропользователей по обучению граждан Республики Казахстан с лицензионными/контрактными условиями.

      3. Сумма обязательств по обучению (S) определяется как произведение расчетной базы (В), приведенной в приложении к настоящей Методике, на процентный показатель (n%) в части исполнения обязательств по обучению граждан Республики Казахстан.

      При расчете суммы обязательств по обучению граждан Республики Казахстан, используется арифметическая функция по расчету процента:

      S = B*n%, где:

      S - сумма обязательств по обучению;

      B - сумма расчетной базы;

      n%- процентный показатель, закрепленный в Контракте.

  Приложение
к Методике расчета контрактных
обязательств недропользователей по обучению граждан
Республики Казахстан

Расчетная база (В), на основании которой ведется расчет процентного показателя (n%) в части исполнения обязательств по обучению граждан Республики Казахстан

Расчетная база, определенная в контракте (лицензии)

Наименование статьи в Отчете лицензионно-контрактных условий

1.

инвестиции/инвестиционные затраты/ассигнования

инвестиции

2.

инвестиционные затраты на разведку/общий объем инвестиций на разведку (на этапе Разведки)

инвестиции

3.

инвестиционные затраты на разведку/общий объем инвестиций на разведку (на этапе Добычи)

затраты на геологоразведку

4.

инвестиционные затраты на добычу/общий объем инвестиций на добычу (на этапе Разведки)

затраты на добычу

5.

инвестиционные затраты на добычу/общий объем инвестиций на добычу (на этапе Добычи)

инвестиции

6.

затраты на разведку/затраты на геологоразведочные работы

затраты на геологоразведку

7.

затраты на добычу/расходы на добычу

затраты на добычу

8.

капитальные затраты на разведку/добычу

капитальные затраты

9.

капитальные затраты

капитальные затраты

10.

эксплуатационные затраты

затраты на добычу

11.

операционные затраты

затраты на геологоразведку/добычу (в зависимости от этапа)

12.

бюджет/ общие затраты (расходы)/затраты (расходы)

финансовые обязательства по лицензиям и контрактам


Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17018 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 29-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ______________М. Әбілқасымова

      2018 жылғы 23 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 161 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістемесі) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 29-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін есептеуге арналған.

2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерінің есептеу

      2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган лицензиялық/келісімшарттық талаптары есебінің негізінде жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауы бойынша көрсеткіштерді лицензиялық/келісімшарттық талаптармен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      3. Оқыту бойынша міндеттемелер сомасы (S) осы Әдістеменің қосымшасында келтірілген есептеу базасы (В) мен Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігіндегі пайыздық көрсеткіштің (n%) көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде пайызды есептеу жөніндегі арифметикалық функция пайдаланылады:

      S=B*n%, мұндағы:

      S - оқыту жөніндегі міндеттемелер сомасы;

      B – есептеу базасының сомасы;

      n% – Келісімшартта бекітілген пайыздық көрсеткіш.

  Жер қойнауын
пайдаланушылардың
Қазақстан Республикасының
азаматтарын оқыту бойынша
келісімшарттық міндеттемелерін
есептеу әдістемесіне қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде пайыздық көрсеткішті (n%) есептеуге негіз болатын есептеу базасы (В)

Келісімшартта (лицензияда) белгіленген есептеу базасы

Лицензиялық/келісімшарттық талаптарының есебіндегі баптың атауы

1.

инвестициялар/инвестициялық шығындар/ ассигнациялар

инвестициялар

2.

барлауға арналған инвестициялық шығындар/ барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде)

инвестициялар

3.

барлауға арналған инвестициялық шығындар / барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде)

геологиялық барлауға арналған шығындар

4.

өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде)

өндіруге арналған шығындар

5.

өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде)

инвестициялар

6.

барлауға арналған шығындар / геологиялық барлауға арналған шығындар

геологиялық барлауға арналған шығындар

7.

өндіруге арналған шығындар / өндіруге арналған шығындар

өндіруге арналған шығындар

8.

барлауға/өндіруге арналған күрделі шығындар

күрделі шығындар

9.

күрделі шығыстар

күрделі шығындар

10.

пайдалану шығындар

өндіруге арналған шығындар

11.

операциялық шығындар

геологиялық барлауға/өндіруге арналған шығындар (кезеңге байланысты)

12.

бюджет/ жалпы шығындар (шығыстар)/ шығыстар (шығындар)

лицензиялар және келісімшарттар бойынша қаржылық міндеттемелер