РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 29-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
______________М. Әбілқасымова
2018 жылғы 23 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістемесі) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 29-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін есептеуге арналған.
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерінің есептеу
2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган лицензиялық/келісімшарттық талаптары есебінің негізінде жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауы бойынша көрсеткіштерді лицензиялық/келісімшарттық талаптармен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
3. Оқыту бойынша міндеттемелер сомасы (S) осы Әдістеменің қосымшасында келтірілген есептеу базасы (В) мен Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігіндегі пайыздық көрсеткіштің (n%) көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде пайызды есептеу жөніндегі арифметикалық функция пайдаланылады:
S=B*n%, мұндағы:
S - оқыту жөніндегі міндеттемелер сомасы;
B – есептеу базасының сомасы;
n% – Келісімшартта бекітілген пайыздық көрсеткіш.
Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесіне қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде пайыздық көрсеткішті (n%) есептеуге негіз болатын есептеу базасы (В)
№ | Келісімшартта (лицензияда) белгіленген есептеу базасы | Лицензиялық/келісімшарттық талаптарының есебіндегі баптың атауы |
1. | инвестициялар/инвестициялық шығындар/ ассигнациялар | инвестициялар |
2. | барлауға арналған инвестициялық шығындар/ барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде) | инвестициялар |
3. | барлауға арналған инвестициялық шығындар / барлауға арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде) | геологиялық барлауға арналған шығындар |
4. | өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Барлау кезеңінде) | өндіруге арналған шығындар |
5. | өндіруге арналған инвестициялық шығындар / өндіруге арналған инвестициялардың жалпы көлемі (Өндіру кезеңінде) | инвестициялар |
6. | барлауға арналған шығындар / геологиялық барлауға арналған шығындар | геологиялық барлауға арналған шығындар |
7. | өндіруге арналған шығындар / өндіруге арналған шығындар | өндіруге арналған шығындар |
8. | барлауға/өндіруге арналған күрделі шығындар | күрделі шығындар |
9. | күрделі шығыстар | күрделі шығындар |
10. | пайдалану шығындар | өндіруге арналған шығындар |
11. | операциялық шығындар | геологиялық барлауға/өндіруге арналған шығындар (кезеңге байланысты) |
12. | бюджет/ жалпы шығындар (шығыстар)/ шығыстар (шығындар) | лицензиялар және келісімшарттар бойынша қаржылық міндеттемелер |