Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2018 года № 17246.

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Республики от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан.

      2. Департаменту кадровой службы Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства юстиции Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
обязанности Министра
      Э. Азимова

      Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра юстиции
Республики Казахстан
от 23 июля 2018 года № 1140

      Правила
применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан (далее – Министерство) разработаны в соответствии со статьей 35 Закона "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок применения поощрений государственных служащих центрального аппарата Министерства и его территориальных органов.

      2. К государственным служащим Министерства и его территориальных органов применяются следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) присвоение почетного звания;

      6) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм поощрений, указанных в настоящем пункте, и только один раз с указанием конкретных заслуг.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 18.05.2023 № 315 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      3. Государственные служащие Министерства и его территориальных органов поощряются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности.

      4. Поощрение государственных служащих центрального аппарата Министерства и его территориальных органов единовременным денежным вознаграждением производится на основании решения комиссии по вопросам поощрения государственных служащих (далее – комиссия).

      Состав комиссии утверждается Министром юстиции или руководителем территориальных органов и состоит из не менее чем 5 человек.

      5. Выплата единовременных денежных вознаграждений осуществляется приказом руководителя аппарата или руководителей территориальных органов за счет экономии средств республиканского бюджета, предусмотренных на содержание Министерства и территориальных органов по плану финансирования.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      6. Грамотой Министерства, ценным подарком награждаются государственные служащие за образцовое выполнение должностных обязанностей, достижение высоких результатов в служебной деятельности, личный вклад в решение особо важных задач, поставленных перед Министерством.

      7. Благодарность Министра юстиции объявляется государственным служащим за выполнение заданий особой важности и сложности, надлежащее и добросовестное выполнение поручений руководства Министерства.

      8. Решение о поощрении грамотой Министерства, благодарностью Министра юстиции и ценным подарком принимается по представлению руководителей структурных подразделений, подведомственных организаций и территориальных органов Министерства и оформляется приказом Министра юстиции.

      Представления о поощрении государственных служащих грамотой Министерства, благодарностью Министра юстиции и ценным подарком с описанием конкретных заслуг государственных служащих направляются в службу управления персонала Министерства за подписью руководителей его структурных подразделений, подведомственных организаций Министерства по согласованию с курирующим заместителем министра/вице-министром/руководителем аппарата или за подписью руководителей территориальных органов.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      9. Решение о поощрении грамотой территориальных органов или благодарностью руководителя территориальных органов принимается по представлению руководителей структурных подразделений территориальных органов и оформляется приказом руководителя территориальных органов.

      Представления о поощрении государственных служащих территориальных органов грамотой и благодарностью направляются за подписью руководителей структурных подразделений территориальных органов в службу управления персоналом (кадровую службу) с описанием конкретных их заслуг.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      10. Если поощрение грамотой и благодарностью приурочено к праздничным и юбилейным датам, то представление о поощрении направляется в службу управления персоналом (кадровую службу) Министерства или его территориальных органов не позднее 20 календарных дней до соответствующей даты.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      11. Грамота и благодарность составляются на государственном либо русском языках и подписываются Министром юстиции или руководителем территориальных органов.

      12. Учет поощрения государственных служащих грамотой и благодарностью Министра юстиции или руководителя территориальных органов осуществляется службой управления персоналом (кадровой службой) Министерства и его территориальных органов с занесением данных о поощрении в трудовую книжку и личное дело государственного служащего.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра юстиции РК от 09.03.2021 № 174 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      13. В случае утери грамоты и благодарности их дубликаты не выдаются.

      14. Награждение государственного служащего ведомственными наградами осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан".

      15. Не подлежат поощрению государственные служащие:

      1) имеющие не снятые дисциплинарные взыскания;

      2) в период прохождения испытательного срока;

      3) проработавшие в органах юстиции менее одного месяца.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 17246 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Э. Азимова

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушы
2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 1140 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі–Министрлік) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері туралы" Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Министрліктің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.

      2. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 18.05.2023 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметтерін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      4. Министрлік орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – комиссия).

      Комиссия құрамын Әділет министрі немесе аумақтық органдардың басшысы бекітеді және кемінде 5 адамнан тұрады.

      5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының немесе аумақтық органдар басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Министрліктің алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

      7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Әділет министрінің алғысы жарияланады.

      8. Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшыларының мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып ұсынымдары бойынша қабылдайды және Әділет министрінің бұйрығымен рәсімделеді.

      Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып жетекшілік ететін министрдің орынбасарымен/вице-министрмен/аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қолымен немесе аумақтық органдар басшыларының қолымен Министрліктің персоналды басқару қызметіне жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аумақтық органдардың грамотасымен және аумақтық органдары басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және аумақтық органдардың басшыларының бұйрығымен ресімделеді.

      Грамотамен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қолымен персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе оның аумақтық органадарының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Грамота және алғыс хат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Әділет министрінің немесе аумақтық органдар басшыларының қолы қойылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілерді Әділет министрі немесе аумақтық органдар басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және оның аумақтық органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 09.03.2021 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Грамота мен алғыс хат жоғалған жағдайда олардың түпнұсқалары берілмейді.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді ведомстволық наградалармен марапаттау жүзеге асырылады.

      15. Мынадай мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) Әділет органдарында бір айдан кем жұмыс істегендер.