БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17246 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |