«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРAМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17246 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
«5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының немесе аумақтық органдар басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
«8. Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшыларының мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып ұсынымдары бойынша қабылдайды және Әділет министрінің бұйрығымен рәсімделеді.
Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып жетекшілік ететін министрдің орынбасарымен/вице-министрмен/аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қолымен немесе аумақтық органдар басшыларының қолымен Министрліктің персоналды басқару қызметіне жолданады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Aумақтық органдардың грамотасымен және аумақтық органдары басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және аумақтық органдардың басшыларының бұйрығымен ресімделеді.
Грамотамен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қолымен персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жолданады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе оның аумақтық органадарының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.»;
«12. Мемлекеттік қызметшілерді Әділет министрі немесе аумақтық органдар басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және оның аумақтық органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі М. Бекетаев
Әділет министрі М. Бекетаев