О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 5С-24/2 "О повышении базовых ставок земельного налога на земельные участки города Макинск, сельских населенных пунктов Буландынского района"

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 20 марта 2018 года № 6С-21/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 11 апреля 2018 года № 6533. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 31 марта 2022 года № 7С-19/2

      Сноска. Утратило силу решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 31.03.2022 № 7С-19/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 387 кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" от 10 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести изменение в решение Буландынского районного маслихата "О повышении базовых ставок земельного налога на земельные участки города Макинск, сельских населенных пунктов Буландынского района" от 20 февраля 2014 года № 5С-24/2 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4043, опубликовано 28 марта 2014 года в районных газетах "Бұланды таңы" и "Вести Буланды") следующее изменения:

      1) преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 9 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 510 кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) от 25 декабря 2017 года, статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:";

      2) в заголовке и по всему тексу на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель 21
очередной сессии
Г.Желтов
      Секретарь районного
маслихата
Ш.Кусаинов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Буландынского
района
Ж.Нуркенов

      20 марта 2018 года

Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 6533 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 7С-19/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 7С-19/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С 24/2 "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Бұланды таңы" және "Вести Буланды" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 9 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2) тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларын", "жоғарылату", "ставкалары", "жоғарлатылсын" сөздер "мөлшерлемелерін", "арттыру", "мөлшерлемелері", "арттырылсын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 21 – сессияның
төрағасы
Г.Желтов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі Ж.Нұркенов

      20 наурыз 2018 жыл