Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы |
Ш.Кусаинов |
Бұланды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 7С-19/2 шешіміне қосымша |
Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 болып тіркелген) шешімі.
2. "Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 6С-2/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5304 болып тіркелген) шешімі.
3. "Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 6С-21/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6533 болып тіркелген) шешімі.