Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендері жер учаскелерінің жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 4043 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 7С-19/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 7С-19/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларын", "жоғарылату", "ставкалары", "жоғарлатылсын" сөздері "мөлшерлемелерін", "арттыру", "мөлшерлемелері", "арттырылсын" сөздерімен ауыстырылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 6С-21/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 9 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.03.2018 № 6С-21/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендерді жер учаскелерінің жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 24-сессияның
төрағасы
Т.Садвақасов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімі М.Балпан
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің салық комитеті Ақмола
облысы бойынша салық
департаментінің Бұланды ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Д.Әділбеков

  Бұланды аудандық мәслихатының
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 5С-24/2 шешіміне
1 қосымша

Бұланды ауданының Макинск қаласы жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (+) пайыздары

I

+50

II-1

+50

II-2

+50

III

+50

IV

+50

V

+50

VI

+50

VII

+50

VIII-п

+50

IX-п

+50

X

+50

  Бұланды аудандық мәслихатының
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 5С-24/2 шешіміне
2 қосымша

Бұланды ауданының ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (+) пайыздары

І

+50

II

+50

III

+50

IV

+50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады