О внесении изменения в решение областного маслихата от 17 августа 2016 года № 51 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности"

Решение маслихата Актюбинской области от 15 августа 2018 года № 318. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 23 августа 2018 года № 5943

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 и пунктом 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата от 17 августа 2016 года № 51 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5074, опубликованное 20 сентября 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующее изменение:

      в заголовке и пункте 1 вышеуказанного решения слова "и спорта" заменить словами ", спорта и лесного хозяйства".

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Председатель сессии
областного маслихата
Г. ЛАТЫПОВ
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы № 318 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 тамызда № 5943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы № 51 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1-тармағында "және спорт" сөздері ", спорт және орман шаруашылығы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ғ. ЛАТЫПОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА