О внесении изменений в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/17 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 6 декабря 2018 года № 24/210. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 14 декабря 2018 года № 5072. Утратило силу решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 3 ноября 2023 года № 8/71

      Сноска. Утратило cилу решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 03.11.2023 № 8/71 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение городского маслихата от 24 декабря 2013 года № 24/176 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2519, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 29 января 2014 года № 9 (12115), "Северное Прибалхашье" от 29 января 2014 года № 9 (1188), в информационно-правовой системе "Әділет" от 31 января 2014 года) следующие изменения:

      в пункте 10 Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункты 2) и 3) изложить в новой редакции:

      "2) к празднику Международный женский день - 8 марта:

      получателям пособий многодетной матери;

      3) к празднику Наурыз мейрамы – 21 - 23 марта:

      получателям пенсий и социальных пособий по возрасту, размеры пенсий и пособий, которых не превышают минимальный размер пенсий, установленный законодательством в Республике Казахстан;

      детям - сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;

      малообеспеченным гражданам, имеющим доход ниже черты бедности;";

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Калыкбеков
      Секретарь городского маслихата К. Тейлянов

Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 24/210 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 5072 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:

      2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:

      көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға;

      3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:

      жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға;";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Калыкбеков
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов