О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 26 марта 2018 года № 26/3 "О ставках земельного налога"

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 ноября 2018 года № 39/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 13 декабря 2018 года № 5071

      В соответствии с пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс), статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 26 марта 2018 года № 26/3 "О ставках земельного налога" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4645, опубликовано 17 апреля 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде), следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 509, с пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс), статьей 50 Закона Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)", маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:";

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. На основании проектов (схем) зонирования земель, проводимого в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан повысить на пятьдесят процентов базовые ставки земельного налога установленных статьями 504, 505, 506 Налогового кодекса за исключением земельных участков выделенные под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции, занятые под казино, а также не используемые в соответствующих целях или используемые с нарушением законодательства Республики Казахстан соответственно:

      1) базовые налоговые ставки на земли сельскохозяйственного назначения, предоставленные физическим лицам;

      2) базовые налоговые ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых участков);

      3) базовые налоговые ставки на земли промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения, расположенные вне населенных пунктов.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Повысить в десять раз ставки единого земельного налога, установленные статьей 704 Налогового кодекса, на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения, установив, что данный пункт действует до 1 января 2020 года.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1-1, который вводится в действие с 1 января 2019 года.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
К.Бекенов
      Секретарь
маслихата Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 39/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 5071 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі–Салық кодексі) 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26/3 "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 болып тіркелді, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 510-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      келесі мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 504, 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын, соған сәйкес:

      1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

      2) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер;

      3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер.";

      2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы тармақтың 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болуын белгілеп, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 704-бабымен анықталған бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.";

      4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-1-тармақты қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ.Бекенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
хатшысы
Р. Нұрмұқанова