О внесении изменений и дополнения в решение Казталовского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 20-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района"

Решение Казталовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 мая 2018 года № 22-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 25 мая 2018 года № 5208. Утратило силу решением Казталовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 апреля 2020 года № 47-1

      Сноска. Утратило силу решением Казталовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30.04.2020 № 47-1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года №3827 "О профессиональных и иных праздниках в Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года №504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Казталовский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Казталовского районного маслихата от 27 декабря 2013 года №20-5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3411, опубликованное 24 января 2014 года в газете "Ауыл айнасы") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 8 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) больным туберкулезом на основании справки подтверждающей заболевание, без учета доходов в размере 2,5 МРП.";

      подпункт 1) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "1) больным злокачественными новообразованиями на основании справки подтверждающей заболевание, без учета доходов в размере 15 МРП;";

      в приложении 3 к Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Казталовского района первую графу изложить в следующей редакции:

      "1. Инвалиды и участники Великой Отечественной войны – 300 000".

      2. Руководителю аппарата Казталовского районного маслихата (Н.Кажгалиев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 мая 2018 года.

      Председатель сессии М.Тоясов
      Секретарь маслихата С.Мулдашев

      "СОГЛАСОВАНО"
Заместитель акима
Западно - Казахстанской области
________________ Б.Конысбаева
21.05.2018 год

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:

      МРП – месячный расчетный показатель.

Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 22-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 мамырда № 5208 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 47-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 47-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3411 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 2,5 АЕК мөлшерінде.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатерлі ісік ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";

      Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 3-қосымшасындағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 300 000".

      2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2018 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Тоясов
      Мәслихат хатшысы С.Мулдашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
___________ Б.Қонысбаева
21.05.2018 жыл

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.