Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 20-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 3411 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 47-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 47-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 12.07.2018 № 23-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Рамазанов
      Мәслихат хатшысы Е. Ғазизов

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_____________ Б. Мәкен
31.12.2013 ж.

  2013 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 20-5
Казталов аудандық
мәслихатының
шешімімен бекітілді

Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

      1. Осы Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 12.07.2018 № 23-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      8) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      8-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      14) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс – шаралар кешені;
      15) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 05.04.2016 № 2-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 № 4-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 43-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).шешімдерімен.
      3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидасында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленді.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және
әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:
      1) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен және аудан аумағында тұратын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бала жастан мүгедектерге 2 АЕК мөлшерінде, жалпы аурудан 1 топ мүгедектеріне 2 АЕК мөлшерінде, жалпы аурудан 2 топ мүгедектеріне 1,5 АЕК мөлшерінде, жалпы аурудан 3 топ мүгедектеріне 1 АЕК мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 2 АЕК мөлшерінде;
      3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 30.03.2018 № 20-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) Туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 5 АЕК мөлшерінде.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 05.08.2014 № 27-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 № 4-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.03.2018 № 20-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.05.2018 № 22-4 (01.05.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.02.2019 № 31-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
      1) қатерлі ісік ауруларына аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) арыздыры бойынша, табыстарын есепке алып 7 АЕК мөлшерінде;
      3) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 20 АЕК мөлшерінде;
      4) гемодиализдегі І топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
      5) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсімдеріне табыстарын есепке алып 15 АЕК мөлшерінде;
      6) жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы бойынша емделуге табысын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табысын есепке алмай 39 АЕК мөлшерінде;
      8) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 09.08.2017 № 13-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      9) мүгедек балаларға және мүгедектерге оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде көрсетіледі.
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар анықтама негізінде, табыстарын есепке алмай 10 АЕК
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үйін жөндеуге, табысын есепке алмай 250 АЕК мөлшерінде.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 24.12.2014 № 31-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2016 № 2-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.06.2016 № 4-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.05.2017 № 10-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.08.2017 № 13-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2017 № 16-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.05.2018 № 22-4 (01.05.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 43-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      10. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері ЖАО осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес белгіленген.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      4) ШАК тағайындалатын тұлғалардың азық түлік қоржынынан аспайтын жан басына шаққанда орташа табысы болуы.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 05.04.2016 № 2-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгіленген.
      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ауданның ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 31.12.2019 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3 Үлгілік қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      Ескерту. 14 тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 31.12.2019 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      24. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      24-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма және облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмасы ретінде төленеді.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айға алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
      Ескерту. Қағида 24-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 05.04.2016 № 2-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Казталов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің
тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

      Ескертпе. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 12.05.2017 № 10-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1.

9 мамыр – Жеңіс күні

бір реттік

2.

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күні

бір реттік

3.

26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні

бір реттік

4.

29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

бір реттік

5.

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

бір реттік

  Казталов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
2 қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері,
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай
туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Алушылар санатының тізбесі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1.

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы)

15 АЕК

бір ай мерзімде

  Казталов ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидасына
3 қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне
әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 24.12.2014 № 31-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 15.05.2018 № 22-4 (01.05.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.02.2019 № 31-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 43-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі

Әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері (теңге)

1.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары

300 000

2.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:


1) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар

10 000


2) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалімен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар

20 000


3) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

20 000


4) бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер

50 000


5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар

30 000

3.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:


1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер

50 000


2) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары

30 000

4.

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:


1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы

20 000


2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы

20 000


3) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы

20 000


4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

10 000


5) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi)

30 000


6) қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай)

20 000


7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар

30 000

5.

1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдар

30 000

6.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар

20 000

7.

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар

10 000

      Ескерту: аббревиатуралардың шешімі:
      АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
      Чернобыль АЭС - Чернобыль атом электр станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады