Об утверждении Правил разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 415. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2019 года № 18882.

      В соответствии с подпунктом 34-36) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания.

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

  Утверждены
приказом Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 20 июня 2019 года № 415

Правила разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 34-36) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" (далее – Закон) и определяют порядок разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания (далее – единый технологический процесс).

      2. Разработка единых технологических процессов осуществляется для обеспечения согласованной, технико-технологической работы подъездных путей организаций обслуживаемых собственными локомотивами со среднесуточным грузооборотом 50 (пятьдесят) вагонов и более.

      3. Под единым технологическим процессом понимается документ (в произвольной форме), регламентирующий условия взаимодействия подъездного пути и станции примыкания, необходимые для заключения договора на подачу – уборку вагонов.

Глава 2. Порядок разработки единых технологических процессов работы подъездных путей и станций примыкания

      4. Единый технологический процесс разрабатывается посредством взаимодействия участников перевозочного процесса на основании заключаемых договоров в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, законодательством Республики Казахстан о железнодорожном транспорте и международными соглашениями (договорами).

      5. Единый технологический процесс содержит четкий и не подлежащий различному толкованию смысл.

      6. Для обеспечения однообразия разрабатываемых единых технологических процессов, включает следующую информацию:

      1) техническая и эксплуатационная характеристика сооружений и устройств подъездных путей и станции примыкания;

      2) размеры грузовых и вагонных потоков, рассчитанные исходя из фактического и максимального планового (из предстоящих трех лет) объема перевозок грузов, кроме предприятий с планово – снижающимися объемами производства;

      3) организация маневровой работы и расчет норм на выполнение технических операций;

      4) осуществление кооперированного использования технических средств, сооружений и устройств подъездного пути и станции примыкания;

      5) организация подачи-уборки вагонов;

      6) графики обработки вагонов, передач и поездов;

      7) графики технологических перевозок;

      8) суточный план-график работы станции и подъездного пути;

      9) технологическое время на выполнение грузовых операций;

      10) расчет технологических сроков оборота вагонов на подъездном пути;

      11) порядок оперативного планирования, руководства и организации грузовой и коммерческой работы на станции и подъездном пути;

      12) мероприятия по обеспечению работы в зимних условиях;

      13) меры по сохранности вагонного парка;

      14) мероприятия по осуществлению контроля и анализа выполняемой работы;

      15) расчетная часть, приложения;

      16) сведения связанные с работой подъездных путей и станций примыкания.

      7. Состав комиссии осуществляющей разработку единых технологических процессов и их согласование определяется Правилами перевозок грузов железнодорожным транспортом, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 34-33) пункта 2 статьи 14 Закона.

      8. Особенности единых технологических процессов устанавливаются комиссией осуществляющей подготовку единых технологических процессов исходя из используемых на подъездном пути и станции примыкания технологических средств, сооружений и устройств, времени года, погодных условий местности и иных факторов влияющих на работу подъездных путей и станций примыкания.

      9. Бесперебойная работа подъездного пути в зимних условиях зависит от своевременности и качества подготовки транспортного хозяйства, проведения технологических и технических мер.

      При подготовке к зимнему периоду предусматриваются особенности организации приема и отправления поездов, маневровой работы, подачи-уборки вагонов, в том числе условия применения средств профилактики при погрузке и выгрузке смерзающихся грузов.

      10. При разработке единого технологического процесса необходимо учитывать данные о фактическом прибытии и отправлении грузов, погрузке и выгрузке (разгрузке) в вагонах и тоннах за предыдущий год с разделением по месяцам, собственникам (принадлежности) вагонов, наименованию груза, типу подвижного состава.

      11. Итогом разработки единого технологического процесса является суточный план-график (в произвольной форме), обеспечивающий рациональное использование всех технических средств, сооружений и устройств станции и подъездного пути и определяющий технологический срок оборота вагонов на подъездном пути.

      12. Единый технологический процесс корректируется в случаях изменения технологии работы участников перевозочного процесса задействованных в разработки единых технологических процессов.

      При истечении срока договора на подачу-уборку вагонов единый технологический процесс составляется вновь или по решению комиссии осуществляющей разработку единых технологических процессов пролонгируется.

Кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 маусымда № 18882 болып тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 415 бұйрығына
қосымша

Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-36) тармақшасына сәйкес әзірленді және кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін (бұдан әрі – бірыңғай технологиялық процесс) әзірлеу тәртібін айқындайды.

      2. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеу 50 (елу) вагон және одан да көп орташа тәуліктік жүк айналымы бар меншікті локомотивтермен қызмет көрсетілетін ұйымдардың кірме жолдарының келісілген, техникалық-технологиялық жұмысын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

      3. Бірыңғай технологиялық процесс деп вагондарды беру – әкету шартын жасасу үшін қажетті кірме жол мен жанасу станциясының өзара іс-қимыл шарттарын регламенттейтін құжат (еркін нысанда) түсініледі.

2-тарау. Кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу тәртібі

      4. Бірыңғай технологиялық процесс Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасына және халықаралық келісімдерге (шарттарға) сәйкес жасалатын шарттар негізінде тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы әзірленеді.

      5. Бірыңғай технологиялық процестің мазмұны дұрыс және бір мәнді түсіндіреді.

      6. Әзірленетін бірыңғай технологиялық процестердің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) кірме жолдар мен жанасу станциясының құрылыстары мен құрылғыларының техникалық және пайдалану сипаттамасы;

      2) өндірістің жоспарлы – төмендетілетін көлемдері бар кәсіпорындардан басқа, жүктерді тасымалдаудың нақты және ең жоғары жоспарлы (алдағы үш жылдан) көлеміне сүйене отырып есептелген жүк және вагон ағындарының мөлшері;

      3) маневрлік жұмысты ұйымдастыру және техникалық операцияларды орындауға арналған нормаларды есептеу;

      4) кірме жолдың және жанасу станциясының техникалық құралдарын, құрылыстары мен құрылғыларын кооперациялық пайдалануды жүзеге асыру;

      5) вагондарды беру-жинауды ұйымдастыру;

      6) вагондарды, берілістер мен поездарды өңдеу кестелері;

      7) технологиялық тасымалдау кестелері;

      8) станция мен кірме жол жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі;

      9) жүк операцияларын орындауға арналған технологиялық уақыт;

      кірме жолдағы вагондар айналымының технологиялық мерзімдерін есептеу;

      11) станция мен кірме жолда жүк және коммерциялық жұмысты жедел жоспарлау, басшылық ету және ұйымдастыру тәртібі;

      12) қысқы жағдайларда жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      13) вагон паркін сақтау жөніндегі шаралар;

      14) орындалатын жұмысты бақылау мен талдауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар;

      15) есептік бөлім, қосымшалар;

      16) кірме жолдар мен жанасу станцияларының жұмысына байланысты мәліметтер.

      7. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуді және оларды келісуді жүзеге асыратын Комиссияның құрамы Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-33) тармақшасына сәйкес бекітілетін теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында айқындалады.

      8. Бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеу ерекшеліктерін кірме жолда және жанасу станциясында пайдаланылатын технологиялық құралдарды, құрылыстар мен құрылғыларды, жыл мезгілдерін, жергілікті жердің ауа райы жағдайларын және кірме жолдар мен жанасу станцияларының жұмысына әсер ететін өзге де факторларды негізге ала отырып, бірыңғай технологиялық процестерді дайындауды жүзеге асыратын комиссия белгілейді.

      9. Қысқы жағдайларда кірме жолдың үздіксіз жұмысы көлік шаруашылығын дайындаудың уақтылығы мен сапасына, технологиялық және техникалық шараларды жүргізуге байланысты.

      10. Бірыңғай технологиялық процесті әзірлеу кезінде айлар бойынша бөле отырып, өткен жылғы жүктердің нақты келуі және жөнелтілуі, вагондарға және тонналарға тиеу және түсіру туралы деректерді, вагондардың меншік иелеріне (тиесілілігіне), жүктің атауын, жылжымалы құрамның типін есепке алу қажет.

      11. Станцияның және кірме жолдың барлық техникалық құралдарын, құрылыстары мен құрылғыларын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін және кірме жолдағы вагондар айналымының технологиялық мерзімін айқындайтын тәуліктік жоспар-кесте (еркін нысанда) бірыңғай технологиялық процесті жасауды аяқтайтын қорытынды құжат болып табылады.

      12. Бірыңғай технологиялық процесс бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуге жұмылдырылған тасымалдау процесіне қатысушылардың жұмыс технологиясы өзгерген жағдайларда түзетіледі.

      Вагондарды беру-әкету шартының мерзімі өткен кезде бірыңғай технологиялық процесс қайта жасалады немесе бірыңғай технологиялық процестерді әзірлеуді жүзеге асыратын Комиссияның шешімі бойынша ұзартылады.