О некоторых вопросах регулирования вывоза отдельных видов лесоматериалов

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 564. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2019 года № 19134.

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", а также разделом 10 Приложения 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет на вывоз с территории Республики Казахстан сроком на шесть месяцев отдельных видов лесоматериалов (код товарной номенклатуры Внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 4401, 4403, 4404, 4406 и 4407), за исключением лесоматериалов, которые были отправлены из Российской Федерации до введения в действия настоящего приказа, в целях последующего убытия в третьи страны из Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 25.12.2019 № 940 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан уведомить:

      1) Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан и Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан об обеспечении контроля по исполнению пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      2) Акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) о применении мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      3) Министерство национальной экономики Республики Казахстан о необходимости в установленном порядке:

      информировать Евразийскую экономическую комиссию о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета;

      внести на рассмотрение Евразийской экономической комиссии предложение о введении меры, указанной в пункте 1 настоящего приказа, на таможенной территории Евразийского экономического союза.

      3. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского
хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министрество национальной
экономики
Республики Казахстан

Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19134 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кейіннен Қазақстан Республикасы арқылы үшінші елдерге кету мақсатында осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін Ресей Федерациясынан жіберілген ағаш материалдарын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу енгізілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.12.2019 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіппен:

      Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар ету;

      Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды енгізу туралы ұсынысты енгізу қажеттілігі туралы хабарласын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі