"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19134 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 - тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын :
"1. Кейіннен Қазақстан Республикасы арқылы үшінші елдерге кету мақсатында осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін Ресей Федерациясынан жіберілген ағаш материалдарын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу енгізілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) көрсетілген тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 "Ағаштың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Бұйрық (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19134 болып тіркелген) қолданысқа енгізілгенге дейін Ресей Федерациясынан жіберілген сыртқы экономикалық қызмет басқармасы бөлінісінде көлемдерді, көлік жүкжөнелтпе құжаттарын және көлік құралдарының нөмірлерін көрсете отырып, ақпаратты (тізімді) ұсыныммен қамтамасыз ету;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСЕМІН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі