Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы

Постановление акимата района Аққулы Павлодарской области от 24 июня 2019 года № 1-03/154. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 июня 2019 года № 6448

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат района Аққулы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел полиции района Аққулы Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата района Аққулы от 21 января 2019 года № 1-03/16 "Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6245, опубликовано 30 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Аққулы Кобайдарова Т. Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Балгабаев
      СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции района Аққулы
      Департамента полиции
      Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" Т. Бодиев
      "24" июня 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
района Аққулы от "24" июня
2019 года № 1-03/154

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Аққулы

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота;

      2) благодарственное письмо;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции района Аққулы Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее - ОП района Аққулы);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП района Аққулы за счет средств областного бюджета;

      5) поощрение граждан за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП района Аққулы.

      3. Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.

Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6448 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция департаменті Аққулы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы "Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы" № 1-03/16 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6245 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т. Т. Кобайдаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Павлодар облысы
      полиция департаменті Аққулы ауданының
      полиция бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Т. Бодиев
      2019 жылғы "24" маусым

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "24" маусымдағы
№ 1-03/154 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) құрмет грамотасы;

      2) алғыс хат;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция департаменті Аққулы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аққулы ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Аққулы ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Аққулы ауданының ПБ жүзеге асырады.

      3. Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.