Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 1-03/16 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 6245 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 1-03/154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 24.06.2019 № 1-03/154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Лебяжі ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т. Т. Кобайдаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрлігі
      Павлодар облысы
      Полиция департаментінің
      Лебяжі ауданының
      Полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Бодиев
      2019 жылғы "23" қаңтар

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "21" қаңтардағы
№ 1-03/16 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) құрмет грамотасы;

      2) алғыс хат;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Павлодар облысы Полиция департаментінің Лебяжі ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Лебяжі ауданының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Лебяжі ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Лебяжі ауданының ПБ жүзеге асырады.

      3. Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады