Об утверждении Правил педагогической переподготовки

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 марта 2020 года № 110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2020 года № 20147.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О статусе педагога" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила педагогической переподготовки согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Дауленова М.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и
науки Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

  Приложение
к приказу Министра
образования
и науки Республики Казахстан
от 17 марта 2020 года № 110

Правила педагогической переподготовки

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила педагогической переподготовки (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О статусе педагога" и определяют порядок педагогической переподготовки (далее – Курсы) лиц с профессиональным образованием, не имеющих педагогического образования, впервые приступающих к профессиональной деятельности педагога по соответствующему профилю.

      2. В настоящих Правилах используется следующее основное понятие:

      слушатель – лица с профессиональным образованием, не имеющие педагогического образования, впервые приступающие к профессиональной деятельности педагога по соответствующему профилю, проходят педагогическую переподготовку на базе организаций высшего и (или) послевузовского образования (далее – вуз).

Глава 2. Порядок педагогической переподготовки

      3. Курсы проводятся вузом для лиц с профессиональным образованием, не имеющих педагогического образования, впервые приступающие к профессиональной деятельности педагога по соответствующему профилю на базе вуза имеющими лицензии в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" на ведение образовательной деятельности по направлению подготовки "Педагогические науки" в соответствии с Классификатором направлений подготовки кадров с высшим и послевузовским образованием, утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 октября 2018 года № 569 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 октября 2018 года № 17565).

      4. Курсы переподготовки педагогических кадров проводятся по очной форме обучения.

      5. В вузе решением руководителя создается приемная комиссия. В состав приемной комиссии входят руководитель вуза, проректора, руководители структурных подразделений и представители профессорско-преподавательского состава вуза. Количественный состав приемной комиссии состоит из нечетного числа членов. Председателем приемной комиссии является руководитель вуза. Секретарь не входит в состав приемной комиссии. Приказом руководителя вуза назначается ответственный секретарь приемной комиссии.

      6. Лица, поступающие на курсы, подают секретарю приемной комиссии вуза следующие документы:

      1) заявления на имя руководителя вуза в произвольной форме;

      2) копию документа, удостоверяющего личность;

      3) копию документа об образовании;

      4) шесть фотографий размером 3x4 сантиметра;

      5) медицинскую справку формы 086-У, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 декабря 2010 года № 6697);

      6) один из следующих документов:

      о техническом и профессиональном, послесреднем образовании, с результатами обучения в соответствии с 5-ым уровнем профессионального стандарта педагога, утвержденного приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 мая 2019 года № 292 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2019 года № 18764) (далее – Профессиональный стандарт педагога).;

      о высшем образовании, с результатами обучения в соответствии с 6-ым уровнем Профессионального стандарта педагога;

      о послевузовском образовании, с результатами обучения в соответствии с 7-ым уровнем Профессионального стандарта педагога.

      Вместе с копиями документов, указанных в настоящем пункте, предоставляются их оригиналы для сверки. После проведения сверки оригиналы возвращаются.

      При предоставлении неполного перечня документов, указанных в настоящем пункте, секретарь приемной комиссия вуза возвращает документы.

      7. При предоставлении полного перечня документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил зачисление на курсы педагогической переподготовки, осуществляется решением приемной комиссии вуза и издается приказ руководителя вуза или лицом, исполняющим его обязанности.

      8. После зачисление на курсы педагогической переподготовки между вузом и слушателем заключается договор.

      9. Образовательной программы педагогической переподготовки определяются вузом самостоятельно согласно подпункту 1) пункта 2 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан "Об образовании", и учитывает потребности рынка труда, ожидания работодателей и индивидуальные интересы слушателя в соответствии с Профессиональным стандартом педагога.

      10. Освоение образовательной программы педагогической переподготовки завершается итоговой аттестацией слушателей в форме, определяемой вузом.

      11. Слушателям, успешно прошедшим программы педагогической переподготовки, выдается сертификат вуза по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

  Приложение
к Правилам педагогической
переподготовки
  Форма

                              Сертификат

      выдан _________________________________________________________________
                              (Ф.И.О.) (при наличии)
в том, что он(а) с "___" _______ по " ___ " ________ 20__ года прошел(а) курс
педагогической переподготовки в объеме ________________________________________
кредитов ___________________________________________________________________
            (название организаций высшего и (или) послевузовского образования)
___________________________________________________________________________
                  (Ф.И.О. при наличии, подпись руководителя)
Место печати
Дата выдачи " ___" ____________ 20___ года

      Регистрационный номер: № ___ от "___" _______ 20__ года.

Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20147 болып тіркелді.

      "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 17 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
қосымша

Педагогтік қайта даярлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогтік қайта даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлау (бұдан әрі –курстар) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      тыңдаушы – педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖОО) базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.

2-тарау. Педагогтік қайта даярлау тәртібі

      3. Педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17565 болып тіркелген) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішіне сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізуге "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лицензиясы бар ЖОО-ның базасында қайта даярлау курстары өткізіледі

      4. Педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстары күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі.

      5. ЖОО-да басшының шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖОО-ның ректоры, проректорлары, құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен профессор-оқытушылар құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының сандық құрамы тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО-ның басшысы болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының құрамына кірмейді. ЖОО басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.

      6. Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) еркін нысанда ЖОО басшысының атына өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

      6) мына құжаттардың біреуін:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18764 болып тіркелген) бекітілген педагогтің кәсіби стандартының (бұдан әрі – педагогтың кәсіби стандарты) 5-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелері көрсетілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат;

      педагогтің кәсіби стандартының 6-деңгейіне сәйкес оқу нәтижелерін көрсетілген жоғары білім туралы құжат;

      педагогтің кәсіби стандартының 7-ші деңгейіне сәйкес оқу нәтижелерін көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат.

      Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттарды қайтарады.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылған жағдайда қабылдау комиссиясының шешімімен және ЖОО басшысының немесе міндетін атқарушы адамның бұйрығымен педагогикалық қайта даярлау курсына қабылдау жүзеге асырылады.

      8. Қайта даярлау курсына қабылданғаннан кейін, ЖОО мен тыңдаушы арасында шарт жасалады.

      9. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес нарықтың қажеттілігін, жұмыс берушілердің үміттерін және тыңдаушылардың жеке қызығушылықтарын ескере отырып, Педагогтің кәсіби стандартына сәйкес педагогтік қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын ЖОО дербес айқындайды.

      10. Педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламасын меңгеру жоғары оқу орны айқындайтын нысанда тыңдаушыларды қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      11. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес педагогикалық қайта даярлау бағдарламасынан сәтті өткен тыңдаушыларға ЖОО сертификаты беріледі.

  Педагогтік қайта даярлау
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Сертификат

      _________________________________________________________________

      берілді.                   (Т.А.Ә.) (болған жағдайда)

      Ол 20__ жылғы "___" _______ мен 20__ жылғы "___" _______ аралығында

      ________________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)

      _______________ кредит көлемінде педагогтік қайта даярлау курсынан өтті.

      _________________________________________________________________

      (басшының қолы, Т.А.Ә. болған жағдайда)

      Мөрдің орны

      Берілген күні 20__ жыл "___" _______

      Тіркеу нөмірі: 20__ жыл "___" _______ № ___