О внесений изменений в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 63 "Об определении категории граждан, расходы которых по арендной плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет"

Решение Иргизского районного маслихата Актюбинской области от 26 марта 2020 года № 299. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 1 апреля 2020 года № 6949

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Иргизский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 29 марта 2013 года № 63 "Об определении категории граждан, расходы которых по арендной плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3560, опубликованное 30 апреля 2013 года в газете "Ырғыз") следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей новой редакции:

      "Об определении категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет";

      пункт 1 изложить в следующей новой редакции:

      "1. Определить категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет:

      участники и инвалиды Великой Отечественной войны;

      Лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Иргизского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Иргизского
районного маслихата
И. Сәрсенбаев
      Секретарь Иргизского
районного маслихата
К. Қосаяқов

Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 299 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 6949 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы № 63 "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3560 тіркелген, 2013 жылы 30 сәуірде "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы";

      1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар.".

      2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
И. Сәрсенбаев
      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
К. Қосаяқов