О внесении изменений и дополнений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе"

Решение Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 8 апреля 2020 года № 431. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 апреля 2020 года № 7035. Утратило силу решением Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 14 декабря 2020 года № 527

      Сноска. Утратило силу решением Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 14.12.2020 № 527 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Мугалжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4930, опубликованное 30 мая 2016 года в информационной правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе, утвержденных указанным решением:

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. На период чрезвычайного положения единовременная социальная помощь в размере 20 000 (двадцать тысяч) тенге оказывается:

      1) инвалидам первой, второй, третьей группы, детям инвалидам до шестнадцати лет, родителям, воспитывающим ребенка инвалида согласно списков уполномоченной организации без учета дохода;

      2) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, больным различной формой туберкулеза, согласно списков медицинского учреждения района на период амбулаторного лечения;

      3) одиноким и одинокопроживающим пенсионерам, состаящихся на учете в уполномоченном органе;

      4) малообеспеченным семьям (гражданина) со среднедушевым доходом не превышающим 1 (одного) кратного размера прожиточного минимума по Актюбинской области, кроме получателей адресной социальной помощи.".

      в пункте 9:

      в подпункте 1):

      цифры и слова "500 000 (пятьсот тысяч)" заменить цифрами и словами "1 000 000 (один миллион)".

      в подпункте 4):

      цифры и слова "15 000 (пятнадцать тысяч)" заменить цифрами и словами "30 000 (тридцать тысяч)".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Мугалжарского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мугалжарского районного маслихата
      Н. Сарсенов
      Cекретарь Мугалжарского районного маслихата
      Р. Мусенова
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Управления координации
      занятости и социальных программ
      Актюбинской области"
      _______________________Б. Елеусинова
      ____ _____________________ 2020 г.

Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 431 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 7035 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 527 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      келесідей мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Төтенше жағдай кезінде бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) уәкілетті ұйымның берген тізіміне сәйкес, табыс көзі ескерілмей бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға;

      2) ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес, амбулаториялық ем қабылдап жатқан онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға;

      3) уәкілетті органда есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтылған отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1(бір) еседен аспаған жағдайда.".

      9 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "500 000 (бес жүз мың)" сандары мен сөздері "1 000 000 (бір миллион)" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;

      4) тармақшасында:

      "15 000 (он бес мың)" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың)" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын.

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      Н. Сарсенов
      Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы
      Р. Мусенова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Б. Елеусінова
      _____ ____________ 2020 жыл