Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района

Решение Илийского районного маслихата Алматинской области от 14 февраля 2020 года № 51-228. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 24 февраля 2020 года № 5428

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Илийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Илийского районного маслихата:

      1) "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района" от 06 февраля 2015 года № 43-197 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3089, опубликован 11 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) "Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности" от 06 февраля 2015 года № 43-198 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3088, опубликован 11 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Илийского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, труда, занятости, образования, здравоохранения, культуры и языка".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Илийского районного маслихата Г. Ерубаева
      Секретарь Илийского районного маслихата Р. Абилова

  Приложение к решению от 14 февраля 2020 года № 51-228

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района

Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее - социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Илийского района (далее - специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Илийского района".

      Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается в беззаявительном порядке, на основании списков, утвержденных акиматами сельских округов и поселка Боралдай по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Выплата социальной поддержки производится через банки второго уровня, с которыми в установленном законодательством порядке заключен договор для зачисления сумм на лицевые счета специалистов, на основании представленных уполномоченным органом ведомостей.

      Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной поддержки

      6. Социальная поддержка прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Илийского района.

      Выплата социальной поддержки прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 51-228 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 24 ақпанда № 5428 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Іле аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Іле ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2015 жылғы 06 ақпандағы № 43-197 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 тіркелген, 2015 жылдың 11 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 06 ақпандағы № 43-198 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3088 тіркелген, 2015 жылдың 11 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Ерубаева
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

  2020 жылғы 14 ақпаны № 51-228 шешіміне қосымша

Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

Жалпы ережелер

      1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган - "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық округтер және Боралдай кенті әкімдіктерінің бекітуі арқылы өтініш талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

      Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Іле ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.