Іле ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы № 43-197 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 наурызда № 3089 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 51-228 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 14.02.2020 № 51-228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Іле ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 17 шілдеде № 2-10-78 тіркелген, 2008 жылы 25 шілдедегі аудандық "Іле таңы" газетінің № 29 (4241) жарияланған) № 9-29 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.О.Құматаевқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Исаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Е. Тұрымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады