Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 14.02.2020 № 51-228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. "Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.О.Құматаевқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә. Исаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Е. Тұрымбетов |