Об утверждении правил и размера оказания социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района

Решение Шетского районного маслихата Карагандинской области от 27 марта 2020 года № 37/339. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 2 апреля 2020 года № 5779.

      Сноска. Заголовок – в редакции решения Шетского районного маслихата Карагандинской области от 27.12.2021 № 9/107 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пункта 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила и размер оказания социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Шетского районного маслихата Карагандинской области от 27.12.2021 № 9/107 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Шетского районного маслихата от 29 марта 2018 года № 20/166 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4684, опубликовано в газете "Шет шұғыласы" от 12 апреля 2018 года № 16 (10688), в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 19 апреля 2018 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Р. Шакиржанова
      Секретарь районного маслихата Б. Тулеукулов

  Приложение к решению
Шетского районного
маслихата
от 27 декабря 2021 года
№ 9/107

Правила и размер оказания социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района

      Сноска. Приложение – в редакции решения Шетского районного маслихата Карагандинской области от 27.12.2021 № 9/107 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила определяют порядок и размер оказания социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района.

      2. Социальная помощь по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района (далее - социальная помощь) предоставляется в размере 6 (шесть) месячных расчетных показателя ежегодно, один раз в год.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Шетского районного маслихата Карагандинской области от 27.03.2024 № 10/102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Назначение и выплата социальной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Шетского района" из средств местного бюджета.

      4. Социальная помощь назначается на основании списков специалистов, предоставленных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии Шетского района.

      5. Выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления на лицевые счета специалистов через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 37/339 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 5779 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 9/107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің қоса беріліп отырған қағидалары және мөлшері бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 9/107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/166 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4684 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі №16 (10688) "Шет шұғыласы" газетінде, 2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Шакиржанова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов

  Шет аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 27желтоқсандағы
№ 9/107
шешімге қосымша

Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 9/107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қағидалар Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) жыл сайын жылына бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/102 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      4. Әлеуметтік көмек Шет ауданының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары ұсынған мамандардың тізімдері негізінде тағайындалады.

      5. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есепшоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.