Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы №37/339 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5779 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерінде:
2 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) жыл сайын жылына бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық мәслихатының төрағасы | С. Социал |