Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Шет аудандық мәслихатының "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы №37/339 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5779 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";
1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің қоса беріліп отырған қағидалары және мөлшері бекітілсін";
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Тулеукулов |
Шет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27желтоқсандағы № 9/107 шешімге қосымша |
Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері
1. Осы қағидалар Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) жыл сайын жылына бір рет 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
4. Әлеуметтік көмек Шет ауданының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшылары ұсынған мамандардың тізімдері негізінде тағайындалады.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есепшоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.