О некоторых вопросах проведения мирных собраний

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 15 сентября 2020 года № 57/518. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 23 сентября 2020 года № 4293.

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 07.12.2021 № 12/80 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" и на основании информационного письма республиканского государственного учреждения "Департамент юстиции Мангистауской области Министерства юстиции Республики Казахстан" от 29 мая 2020 года № 05-10-972, Мунайлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированное место для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить порядок использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мунайлинском районе согласно приложению 3 к настоящему решению.

      4. Признать утратившим силу решение Мунайлинского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 4/76 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3199, опубликовано 13 декабря 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      5. Государственному учреждению "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" (руководитель аппарата А. Жанбуршина) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации.

      6. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, временно осуществляющий полномочия секретаря Мунайлинского районного маслихата С. Битан

  Приложение 1
  к решению Мунайлинского районного маслихата
  от 15 сентября 2020 года № 57/518

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе

      Сноска. Приложение 1 - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 07.12.2021 № 12/80 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе:

      1. Площадь "Жастар" возле акимата Мунайлинского района в селе Мангистау.

      2. Маршрут следования для проведения мирных собраний: автомобильная дорога напротив магазина "Айгуль" от нерегулируемого перекрестка до здания акимата Мунайлинского района в селе Мангистау.

  Приложение 2
  к решению Мунайлинского районного маслихата
  от 15 сентября 2020 года № 57/518

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 07.12.2021 № 12/80 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      2. Специализированные места используются с соблюдением санитарных норм и правил пожарной безопасности. Допускается проведение мирных собраний в случае отсутствия информации о проведении в специализированных местах других запланированных официальных, культурных, зрелищных культурно-массовых, физкультурно-оздоровительных, спортивных и иных мероприятий, осуществлении строительно-монтажных работ.

      3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      4. Нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Мунайлинском районе:

      1) площадь "Жастар" возле акимата Мунайлинского района в селе Мангистау, норма предельной заполняемости 100 человек;

      2) Маршрут следования для проведения мирных собраний: автомобильная дорога напротив магазина "Айгуль" от нерегулируемого перекрестка до здания акимата Мунайлинского района в селе Мангистау, норма предельной заполняемости 50 человек.

      5. Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласования местного исполнительного органа.

      6. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      7. Минимальное допустимое расстояние между лицами, принимающими участие в мирном собрании, кроме пикетирования, составляет не менее двух метров, в целях сохранения социальной дистанции.

      8. Минимальное допустимое расстояние между лицами, осуществляющими пикетирование, проводимое одним участником, составляет не менее 100 метров.

      9. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени Мунайлинского района в день проведения мирных собраний.

  Приложение 3
  к решению Мунайлинского районного маслихата
  от 15 сентября 2020 года № 57/518

Границы прилегающих территорий, в которых не допускается проведение пикетирования в Мунайлинском районе

      Сноска. Приложение 3 - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 07.12.2021 № 12/80 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      На территории Мунайлинского района не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 57/518 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 4293 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 12/80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 05-10-972 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/76 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 13 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Мұнайлы аудандық мәслихаты
      хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы С. Битан

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 1 қосымша

Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 12/80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің жанындағы "Жастар" алаңы.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратына дейін реттелмейтін қиылыстан "Айгул" дүкеніне қарама-қарсы автомобиль жолы.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 2 қосымша

Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 12/80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің жанындағы "Жастар" алаңы шекті толу нормасы 100 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратына дейін реттелмейтін қиылыстан "Айгул" дүкеніне қарама-қарсы автомобиль жолы, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Мұнайлы ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 3 қосымша

Мұнайлы ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 12/80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Мұнайлы ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.