Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/76 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада № 3199 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 57/518 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 15.09.2020 № 57/518 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орны болып Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігі ғимаратының жанындағы алаң айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін арнайы бағдар бекітілсін.

      4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №19/210 "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2400 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 23 мамырдағы №28-30 (406-408) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 3 шілдедегі №33/348 "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы №19/210 "Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2800 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамыздада №51(502) "Мұнайлы" газетінде және 2015 жылғы 19 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Қонысбаева).

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Қазақбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы ауданының әкімі

      Н. Тәжібаев

      27 қазан 2016 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының Ішкі істер

      департаменті Мұнайлы ауданының ішкі істер

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      А.Б.Жақсыбаев

      27 қазан 2016 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №4/76 шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (бұдан әрі - акциялар) болып тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктегі арнайы белгіленген орында немесе арнайы маршрут бойынша, белгіленген күні және уақыт ішінде ауданның жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатын алған Қазақстан Республикасының азаматының немесе азаматтарының қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерін, сондай - ақ наразылығын білдіруге бағытталған іс-әрекеттері танылады.

      3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін – арнайы маршруттар айқындалады.

      Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар айқындалмайды.

      Арнайы орындарды айқындайтын ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтарды тиісті түрде жабдықтауға, оларды бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткізу мақсатында қолдану үшін бейімдеуге (орындықтар, алаңшалар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру) тиіс.

      Арнайы орындар міндетті түрде ішкі істер органдарының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен немесе объективті себептер бойынша жедел басқару орталығының камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда тиісті іс-шараларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықталуы тиіс.

      Ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтардың тұрақты түрде жиналуын, тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу қағидаттары:

      1) заңдылығы – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы Тәртіптің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;

      2) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға қатысудың еріктілігі.

2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының іс-әрекеттері

      5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтінішті беру кезінде Заңның 3 бабының талаптарын бұзу бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайларда жол берілген кемшіліктерді жаңа өтініш беру жолымен жою туралы ұсынысты қамтитын ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің қолы қойылған түсіндірме сипатындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімдері ол түскен уақыттан бастап есептеледі.

      Әртүрлі өтініш берушілерден өткізу күні бір-біріне сәйкес келетін бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтініштер түскен жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органымен бұрынырақ түскен өтініш қаралады, ал қалғандарына іс-шараларды өткізу күнін қайта қарау туралы түсіндірме сипатындағы жауап беріледі.

      6. Ұйымдастырушылармен бейбіт жиналыстар мен митингтерді өткізу үшін белгіленбеген орын сұралған жағдайда өтініш берушілерге акцияларды арнайы бөлінген орында өткізу жөнінде ұсыныспен жауап беріледі.

      7. Ауданның жергілікті атқарушы органы елдегі айтулы күндер мен оқиғаларды ұйымдастыру және өткізу қажеттілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті, басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

      8. Ауданның жергілікті атқарушы органының бас тарту туралы шешімі дәлелді, Заң мен осы Тәртіптің нормаларымен қатар, ұйымдастырушылардың сол немесе өзге де нормалар мен талаптардың сақталмауы көрсетілген нақты дәйектерге негізделген болуы тиіс.

      Бұдан бөлек, рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушылар дереу барлық дайындық іс-шараларын тоқтату және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабарландыру бойынша шаралардың қабылдануы керектігі жазбаша түсіндірілуге тиіс.

      Сондай-ақ, рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы түсіндірілуге тиіс.

      9. Ұйымдастырушылар дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша өз бетімен шаралар қабылдамаған жағдайларда, ауданның жергілікті атқарушы органы өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар заңсыз акцияларды шақыруларын орналастырған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертумен бірге, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастырады.

3. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді ұйымдастырушылардың әрекеттері

      10. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді ұйымдастыруға:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органына бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу туралы өтініш беру;

      өтініште көрсетіледі:

      іс-шаралардың мақсаты;

      іс-шаралардың нысаны;

      іс-шараларды өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс маршруттары;

      іс-шаралардың басталуы және аяқталуының күні мен уақыты;

      қатысушылардың болжамды саны;

      ұйымдастырушылардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру нысандары мен әдістері, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды қолдану ниеті;

      акцияларды ұйымдастырушылардың тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, оның тұрғылықты мекен-жайы не қазіргі уақытта мекендеген жері немесе тұрған орны туралы мәліметтер және телефон нөмірлері;

      акцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша акцияларды ұйымдастырушыларымен билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары;

      іс-шараларды өткізу туралы хабарландыруды беру күні.

      2) көрнекі насихат құралдарын дайындау және тарату;

      3) акцияларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер жатады.

      11. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған бір немесе бірнеше азаматтары бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялардың ұйымдастырушысы бола алады.

      Ұйымдастырушылар бола алмайды:

      1) сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар;

      2) заңмен белгіленген тәртіпте әрекеті тоқтатылған немесе тыйым салынған немесе таратылған саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктер, олардың аймақтық бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері.

      12. Ұйымдастырушылардың құқықтары бар:

      1) акцияларды ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсатында көрсетілген арнайы орындарда және арнайы маршрут бойынша және уақытта өткізуге;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алған жағдайда акциялардың мақсаттарын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, үндеу парағын тарату, плакаттар, транспаранттар, ұрандар дайындау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда алдын ала насихат жүргізуге;

      3) акциялардың жекелеген қатысушыларына оны ұйымдастыру және өткізу бойынша билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;

      4) ерікті қайырымдылықты жинауда, қарарларға, талаптарға және азаматтардың басқа да өтініштеріне қол жинауды ұйымдастыруға;

      5) азаматтардың мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуге құқығын бұзатын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға.

      13. Ұйымдастырушылар:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органына Заңмен белгіленген тәртіпте іс-шараларды өткізу туралы өтініш беруге;

      2) өтініште көрсетілген акцияларды өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) акцияларға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін сақтауды талап етуге. Акцияларды ұйымдастырушылардың заңды талаптарын орындамаған тұлғалар осы іс-шараларды өткізу орнынан кетірілуге тиіс;

      4) өз құзіретінің шегінде акцияларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ал Заңда көзделген жағдайларда осы міндетті ауданның жергілікті атқарушы органының және ішкі істер органының уәкілетті өкілімен бірлесіп, олардың барлық заңды талаптарын орындай отырып, орындауға;

      5) қатысушылар құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған жағдайда акцияларды тоқтата тұруға немесе оларды тоқтатуға;

      6) акцияларды өткізу орнында жасыл желектердің, кіші сәулет нысандарының, құрылыстар мен ғимараттардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) акциялардың қатысушыларының назарына ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің акцияларды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талабын жеткізуге;

      8) акцияларды ұйымдастырушының айрықша белгісін иеленуге. Ұйымдастырушылармен өкілеттік берілген тұлғалардың да айрықша белгісі болуы міндетті;

      9) акцияларға алкогольдік және есірткілік масаң күйіндегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуге;

      10) акцияларды өткізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), көпшілік алдында сөз сөйлеулерді дайындауға және/немесе қолдануға, сондай-ақ кімнің болса да адресіне бағытталған кемсітулерге жол бермеуге міндетті.

      14. Акцияларға қатысушылардың құқықтары бар:

      1) акциялардың мақсаттарына сәйкес шешімдерді талқылауларға және қабылдауларға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға;

      2) акцияларды өткізу кезінде түрлі рәміздер мен ұжымдық немесе жеке пікірді білдірудің өзге де бұқаралық құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған насихат құралдарын қолдануға;

      3) қарарлар, талаптар мен азаматтардың басқа да өтініштерін қабылдауға және оларды мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық және діни бірлестіктерге, халықаралық және өзге де органдар мен ұйымдарға жолдауға.

      Іс-шараларды өткізу кезінде олардың қатысушылары міндетті:

      1) акцияларды ұйымдастырушылардың, олар өкілеттік берген тұлғалардың, ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық заңды талаптарын орындауға;

      2) қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізудің регламентін сақтауға.

4. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуді тоқтату

      15. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату негіздері болып табылады:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне нақты қауіп төндіру;

      2) акцияларға қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы және ұйымдастырушылардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібіне қатысты Заң нормаларын қасақана бұзуы, соның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішу, есірткі құралдарды, психотроптикалық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды пайдалану.

      16. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды тоқтату тәртібі:

      1) акцияларды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі:

      ұйымдастырушыларға акцияларды тоқтатудың себебін негіздеп, нұсқау береді және 24 сағаттың ішінде аталған нұсқауды жазбаша рәсімдейді және ұйымдастырушыға тапсырады;

      іс-шараларды тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін уақыт белгілейді;

      ұйымдастырушылар тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда, іс-шараларға қатысушыларға тікелей жүгінеді және іс-шараларды тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін қосымша уақыт белгілейді;

      2) іс-шараларды тоқтату туралы нұсқау орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, іс-шараларды тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      Іс-шараларды тоқтатудың көрсетілген тәртібі жаппай тәртіпсіздік, қирату, өрт қою жағдайларында және шұғыл әрекеттерді қажет ететін басқа да жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жағдайларда, іс-шараларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Іс-шараларға қатысушылар тарапынан ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы немесе оларға бағынбауы (қарсылық көрсетуі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      17. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу үшін шарттарын қамтамасыз ету:

      1) акцияларды ұйымдастырушылар, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар акцияларға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және іс-шараларды өткізу регламентін бұзбайтын әдіспен өздерінің пікірлерін білдіруіне кедергі келтіруге құқылы емес;

      2) акцияларды өткізуге себеп болған мәселелер жолданған мемлекеттік билік органдары осы мәселелерді мәні бойынша қарауға, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті шешімдер қабылдауға және қабылданған шешімдер туралы акцияларды ұйымдастырушыларды хабардар етуге міндетті.

 

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №4/76 шешіміне
  2 қосымша

Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін арнайы бағдар



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады