О внесении изменений в постановление акимата от 3 февраля 2014 года № 57 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Джангельдинского района"

Постановление акимата Джангельдинского района Костанайской области от 24 февраля 2020 года № 48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 2 марта 2020 года № 8994

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", совместным постановлением акимата Костанайской области от 31 октября 2019 года № 4 и решением маслихата Костанайской области от 31 октября 2019 года № 437 "Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8743) акимат Джангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Джангельдинского района" от 3 февраля 2014 года № 57 (опубликовано 26 марта 2014 года в газете "Біздің Торғай", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4472) следующие изменения:

      в приложении к указанному постановлению строки, порядковые номера 12, 13, 14 изложить в новой редакции:

      "

12

село Милисай

Щит у здания коммунального государственного учреждения "Средняя школа имени Сырбая Мауленова отдела образования Джангельдинского района".

13

село Шили

Щит у здания коммунального государственного учреждения "Средняя школа имени Кайнекея Жармаганбетова отдела образования Джангельдинского района";
Щит у здания государственного учреждения "Аппарат акима Шилийского сельского округа Джангельдинского района".

14

село Бидайык

Щит у здания коммунального государственного учреждения "Бидайыкская начальная школа отдела образования Джангельдинского района".

      ".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Джангельдинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Джангельдинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Джангельдинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ш. Оспанов

Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 48 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 8994 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 қаулысына (2014 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірлері 12, 13, 14 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Милісай ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

13

Шилі ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Қайнекей Жармағанбетов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

14

Бидайық ауылы

"Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Бидайық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

      ".

      2. "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов