Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Бескарагайскому району

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 11 августа 2020 года № 55/9-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 1 сентября 2020 года № 7502.

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Бескарагайском районе и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий в Бескарагайском районе, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Т. Шабаршова
      Секретарь Бескарагайского районного маслихата К. Садыков

  Приложение 1 к решению
Бескарагайского
районного маслихата
от 11 августа 2020 года
№ 55/9-VI

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Бескарагайском районе и нормы их предельной заполняемости

№ п/п

Специализированное место

Норма предельной наполняемости

1.

Площадка возле здания физкультурно – оздоровительного комплекса (ФОК) в селе Бескарагай

не более 110 человек

2.

село Бескарагай от пересечения улиц М.Ауэзова –Партизанская, движение вверх по улице Партизанская до перекрестка с улицей С.Сейфуллина, движение вверх по улице С.Сейфуллина до перекрестка с улицей Тәуелсіздік, движение вниз по улице Тәуелсіздік до перекрестка с улицей М.Ауэзова


  Приложение 2 к решению
Бескарагайского
районного маслихата
от 11 августа 2020 года
№ 55/9-VI

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в Бескарагайском районе

      1. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      2. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению
Бескарагайского
районного маслихата
от 11 августа 2020 года
№ 55/9-VI

Порядок использования специализированных мест в Бескарагайском районе

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      По требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов приостанавливают или прекращают мирные собрания в случаях, предусмотренных статьями 17 и 18 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 4 к решению
Бескарагайского
районного маслихата
от 11 августа 2020 года
№ 55/9-VI

Границы прилегающих территорий Бескарагайского района, в которых запрещено проведение пикетирования

      Сноска. Приложение 4 в редакции решения Бескарагайского районного маслихата области Абай от 19.03.2024 № 14/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов Бескарагайского района:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.

Бесқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/9-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7502 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айқындалсын:

      осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Т. Шабаршова
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков

  Бесқарағай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне 1 қосымша

Бесқарағай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

р/с №

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1.

Бесқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) ғимаратының жанындағы алаңы

110 адамнан артық емес

2.

Бесқарағай ауылы М.Әуезов-Партизан көшелерінің қиылысынан, Партизан көшесімен жоғары қарай С. Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін қозғалу, С. Сейфуллин көшесімен жоғары қарай Тәуелсіздік көшесінің қиылысына дейін қозғалу, Тәуелсіздік көшесімен төмен қарай М. Әуезов көшесінің қиылысына дейін қозғалу.


  Бесқарағай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне 2 қосымша

Бесқарағай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде аудиовизуалды техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Бесқарағай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне 3 қосымша

Бесқарағай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Бесқарағай
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне 4 қосымша

Бесқарағай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 14/7-VIII шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бесқарағай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.