Бесқарағай аудандық маслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/9-VI "Бесқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/7-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 248-18 болып тіркелді

      Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай аудандық маслихатының "Бесқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/9-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 14/7-VIII шешіміне
қосымша
Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне
4-қосымша

Бесқарағай ауданында пикеттуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Бесқарағай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады