О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 "Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 января 2021 года № 28. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2021 года № 22097

      Примечание ИЗПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2023 года.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 61-1 и подпунктом 2-2) пункта 1 статьи 75 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 "Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9950, опубликован 26 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах разработки проектов местных бюджетов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Процесс разработки проектов местных бюджетов включает в себя:

      1) разработку проекта прогноза социально-экономического развития области, города республиканского значения, столицы и его одобрение местным исполнительным органом;

      2) определение лимитов расходов администраторов местных бюджетных программ, лимитов на новые инициативы;

      3) реализацию бюджета народного участия;

      4) формирование проектов бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ с объемами планируемых бюджетных средств на плановый период, показателями прямого и конечного результатов, бюджетных заявок и их рассмотрение бюджетной комиссией области, города республиканского значения, столицы, района (города областного значения);

      5) разработку проекта решения маслихата о местном бюджете;

      6) прогнозную консолидированную финансовую отчетность по областному бюджету, бюджету города республиканского значения, столицы.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Прогнозная консолидированная финансовая отчетность по республиканскому бюджету или областному бюджету, бюджету города республиканского значения, столицы составляется в порядке, определенном центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию по согласованию с центральным уполномоченным органом по государственному планированию в соответствии с пунктом 3 статьи 61-1 Кодекса.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Проект областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы вносится местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы в соответствующий маслихат не позднее 15 октября текущего финансового года в порядке, предусмотренном пунктом 1 статьи 75 Кодекса.

      Местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы одновременно с проектом областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы представляет следующие документы и материалы:

      1) прогноз социально-экономического развития области, города республиканского значения, столицы;

      2) проекты бюджетных программ администраторов местных бюджетных программ;

      3) прогнозную консолидированную финансовую отчетность по областному бюджету, бюджету города республиканского значения, столицы;

      4) пояснительную записку, раскрывающую решения, заложенные в проект местного бюджета, информацию в разрезе администраторов местных бюджетных программ, содержащую:

      краткое описание достигнутых показателей результатов за отчетный финансовый год;

      краткое описание текущей ситуации, имеющихся проблем;

      описание путей улучшения ситуации и решения проблем, достижения целей и планируемых целевых индикаторов, определенных в программе развития территории;

      описание целей бюджетных программ и планируемых конечных результатов бюджетных программ;

      направления расходования бюджетных средств в разрезе бюджетных программ и бюджетных подпрограмм, описание прямых результатов бюджетных программ.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 22097 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-1-бабы 3-тармағына және 75-бабы 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;

      3) халық қатысатын бюджетті іске асыру;

      4) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын қалыптастыруды;

      5) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді;

      6) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Кодекстің 61-1-бабының 3-тармағына сәйкес республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Кодекстің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      3) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

      4) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі